Түрксіб ауданы әкімі аппаратының Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жұмыс жоспарын іске асыру жөніндегі, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарлмасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі Жол картасының 2019-2021 жылдар аралығында орындалуы жөнінде 2020 жылдың 9 айындағы көрсеткіші жайлы мәлімет

2-тaрмaқ  бойынша:

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес аудан әкімі аппаратында протекционизм мен мемлекеттік қызметте  топтық байланыстардың теріс әсерін болдырмау және алдын-алу мақсатында арнайы жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, кадрларды іріктеу және тағайындау қатаң конкурстық негізде жүргізіледі. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңы талаптарының орындалуын бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында аппараттың барлық мамандарының функционалдық міндеттері қайта қаралды. Олар әрбір қызметкердің тапсырылған жұмыс учаскесі үшін өкілеттігі мен жауапкершілігін қатаң түрде айқындайды. Әкім аппаратында жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірге қызмет ету фактілері анықталған жоқ.

Түрксіб ауданы әкімі аппаратының Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру жөніндегі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жұмыс жоспарын іске асыру жөніндегі, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарлмасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі Жол картасының 2019-2021 жылдар аралығында орындалуы жөнінде 2020 жылдың 9 айындағы көрсеткіші жайлы мәлімет
Дата публикации
23 октября 2020