Алматы қаласының мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарының әлеуетті жеткізушілерінің назарына!
Алматы қаласы әкімдігі Қазақстан Республикасы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 16-бабына сәйкес, жеткізушілердің өтінімдерін қабылдау Даму Бала ақпараттық жүйесінде 2025 жылдың 15 қаңтарынан 21 қаңтарына дейін жүзеге асырылатынын хабарлайды. Бұл хабарламадан кейін жеткілікті уақыт беру мақсатында жасалып отыр.
Алматы қаласының мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарының жеткізушілерінің назарына!
Балалардың сабаққа қатысуын тіркейтін жүйеде техникалық жетілдіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты өткізілген сабақтар бойынша электронды есептер заңды өкілдерімен келісіліп, электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы расталған қатысу табелі түрінде қабылданады.
Балалардың нақты қатысуын тіркеу жүйесі (FaceID) жұмысын қайта бастаған соң, жеткізушілерге қатысуды осы жүйе арқылы белгілеу қажет болады. FaceID жүйесінің қайта іске қосылғаны туралы ақпарат Даму Бала ақпараттық жүйесінде қосымша хабарланады.
Маңызды!
Алматы қаласы әкімдігі мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарға қатысушыларды сақ болуға және әкімдік қызметкері ретінде өзін таныстырып, белгісіз тұлғалардың таратып жатқан жалған ақпараттарға сенбеуге шақырады.
Мемлекеттік тапсырысты іске асыруға байланысты барлық ресми жаңалықтар тек мына ресми ақпарат көздері арқылы жарияланады: