«Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ 2025 жылғы 13-21 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» және «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңдары талаптарына сәйкес мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс қызметтерін жеткізушілерді іріктеу жүргізілетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 397-бабына сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап қолданыстағы оферта негізінде қызмет көрсетушілер аталған мерзімде өз деректерін жаңартуға міндетті.
damubala.kz порталында енгізілген өзгерістерді ескере отырып, жаңа жария оферта шарты жарияланады. Өтінім беру барысында жаңартылған шартпен келісу қажет болады.
Назар аударыңыз, 2025 жылдың қаңтар айында көрсетілген қызметтер үшін төлемдер Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі №113, 119, 120, 122 бұйрықтарының талаптарына, сондай-ақ жария оферта шартына сәйкес келетін қызмет көрсетушілерге ғана төленеді. Төлемдер FaceID жүйесі негізінде жүргізіледі.
2025 жылғы 21 қаңтарға дейін деректер жаңартылмаған жағдайда, жеткізушінің 2025 жылы қызмет көрсетуге арналған өтінімі жойылады.