Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, Азаматтық хал актілерін апостилдеу және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасының әділет Министрінің 17.04.2015 жылғы № 219 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.
Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.С.Ченгельбаева, 5.М.Магомедова, 6.А.Конаева.
Мұрағаттық қор-1904 кітап. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2019 жылдың кітаптары тігіліп, тізім жасалған.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2020 жылдың 2 тоқсанында- 2147 акт жазбалары тіркелінген.
2019 жылдың 2 тоқсанында- 2969 акт жазбасы тіркелінген. 2020 жыл мен 2019 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 27 пайызға төмендеді.
Олардың ішінде:
Тууды тіркеу-1337 акт жазба.
2019 жылдың 2 тоқсанында-1464. Салыстырсақ, 8,6 пайызға кеміген.
Қайтыс болуды тіркеу -467, 2019 жылдың 2 тоқсанында-453.
Аналитикалық периодпен салыстырғанда -3 пайызға кеміген.
Неке қиюды тіркеу- 232 акт жазбасы, ал 2019 жылдың 2 тоқсанында-560. Салыстыра келе, 58,6 пайызға кеміген.
Неке бұзуды тіркеу - 2020 жылы 2 тоқсанында- 43 акт жазба, 2019 жылы 2 тоқсанында-267,өткен жылмен салыстырғанда, 83 пайызға кеміген.
Әкелікті анықтау-2020 жылдың 2 тоқсанында-2 тіркелінген, 2019 жылы - 164. 100 пайызға кеміген.
Бала асырап алу-2020 жылдың 2 тоқсанында-0, ал 2019 жылы-5; 100 пайызға кеміген.
2020 жылы 2 тоқсанында тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -42 акт жазба тіркелінген. 2019 жылы-44, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-4,5 пайызға өсті.
Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2020 жылдың 2 тоқсанында- 2 млн. 6 мың 480,4 теңге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2019 жылы 2 тоқсанында - 4 млн. 40 мың. 176 теңге, 50 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.
Мемлекетттік органдардың негізгі көрсеткіші мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы қызмет көрсетуі.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету 2020 жылдың 2 тоқсанында- 2948 орындалған. Оның ішінде:
Электронды үкімет арқылы-1108,
Мемлекеттік корпорация арқылы-1247,
Тікелей мемлекеттік арқылы-593.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету 2019 жылдың 2 тоқсанында- 4116. Оның ішінде:
Электронды үкімет арқылы-1113,
Мемлекеттік корпорация арқылы-2464,
Тікелей мемлекеттік арқылы-599.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2020 жылы 2 тоқсанына мемлекеттік қызмет көрсетудың азайғаны коронавирус ауры карантинине байланысты.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімінің басшысы Дюсембаева Ж.А. 2020 жылдың жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар электронды Үкімет порталы жайлы мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне жиналыстар мен жиындар өткізді.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімінінің басшысымен кәмелетке жетпеген тастанды ата-анасіз қалған балаларға туу туралы куәлік тапсырылды, ақпарат орталық сайтында хабарланған.
АХАТ бөлімі басшысы Ж.Дюсембаева