«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 03 шілдедегі № 228-V Заңының 8-бабының 3, 24-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген спорттық атақтар, дәрежелер мен біліктілік санаттарын тағайындау қағидаларының тармақтарына сәйкес және 2015 жылғы 04 қыркүйектегі №107 аудан әкімінің бұйрығымен Түрксіб ауданы бойынша спорттық атақтарды, дәрежелерді және біліктілік санаттарын тағайындау бойынша аудандық комиссия құрылды.
2024 жылдың 2 тоқсанында (сәуір, мамыр, маусым) 6 комиссия отырысы өтті.
Барлығы 39 спортшыға спорттық атақтар, дәрежелер және біліктілік санаттары тағайындалды:
- көркем гимнастикадан – 35 адам.
- эстатикалық топтық гимнастикадан – 1 адам.
- бадминтон спортынан төреші -1 адам.
- футбол спортынан төреші – 2 адам.
Барлығы:
-Спорттық біліктіліктер– 36 адам.
-Спорттық санаттар – 3 адам.
Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы жүзеге асырылады.