Алматы қаласы
Түрксіб ауданы әкімінің
2018 ж. «__» _______________
№ __________өкімімен бекітілді
« Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппараты »
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманының
қызметтік нұсқаулығы
1.1. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы (әрі қарай – бөлім басшысы) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы «25» ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидасына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартыҚазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы «17» сәуірдағы № 219 бұйрығымен бекітілген өзінің жұмысында басшылыққа мемлекеттік қызметшінің әдеп Кодексін алады, сонымен қатар, қызмет саласын реттейтін басқа да Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңнамаларын, нормативтік құқықтық актілерімен, жарлықтармен, мемлекеттік органның өкімдерімен, ішкі тәртіп ережелерімен және осы нұсқаулықпен өзінің қызметін жүзеге асырады.
1.2. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы лауазымға Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің өкімімен тағайындалады және босатылады.
1.3. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы аппарат басшысына және аудан әкіміне бағынады.
1.4. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы уақытша болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалардың бекітілген нормаларына сәйкес бөлім маманы алмастырады.
бас маманының құқықтары
2.1. Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2.2. өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;
2.3. еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына;
2.4. әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;
2.5. өзінің лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
2.6. лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға;
2.7. басшыдан мемлекеттiк қызметшi атқарып отырған мемлекеттік лауазымға сәйкес мiндеттерді және лауазымдық өкiлеттiктер көлемiн дәл айқындап беруді талап етуге;
2.8. жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына;
2.9. өзi атқаратын мемлекеттік лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбекақы төленуiне;
2.10. тиiстi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебiнен даярлануға, қайта даярлануға және бiлiктiлiгiн арттыруға;
2.11. мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамадан өтуге жіберген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жұмыс орнының (мемлекеттік лауазымының) сақталуына;
2.12. өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер беруге;
2.13. бiлiктiлiгi, құзыреттері, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет бабында ілгерілетілуге;
2.14. мемлекеттік қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп-тексеруді талап етуге;
2.15. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша шығарылуға;
2.16. зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
2.17. лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;
2.18. жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Мемлекеттік қызметшінің өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
бас маманының міндеттері
3.1. Туу, қайтыс болуды, неке қиюды, некені бұзуды, әкелікті анықтауды, бала асырап алуды тіркеуді жүзеге асырады, мерзімі өткен тууды қалпына келтіруді тіркеу істерді рәсімдеу,азаматтық хал актілері жазбаларын жою, азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру, ХҚКО арқылы және хабарламалар негізінде азаматтық хал актілер жазбаларын дұрыс және толық рәсімдейді.
3.2. Елтаңбалы құжаттардың есебіне, берілуіне, сақталуына жеке жауапты..
3.3. Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі комитетіне көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық есептерді дайындайды.
3.4. Актілік жазбалардың көшірмесін беру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
3.5. Аты, әкесінің аты, тегін өзгерту, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу,туу, әкелікті анықтау, бала асырап алуды тіркеу және азаматтық хал актілерін тіркеу және азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру және тіркеу бойынша қайта куәлік немесе анықтама беру бойынша ақпараттарды «АХАТ» ТП бағдарламасына енгізеді.
3.6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарлардың уақтылы қаралуына жауапты.
3.7. Ай сайын аудандық қорғаныс істері басқармасына қайтыс болған әскери міндеттілердің тізімін ұсынады.
3.8. Қызметтік міндеттеріне сәйкес іс жүргізу, бөлімнің істер тізбесіне сәйкес істерді құрастыруға жауапты, істердің сақталуын және ведомствалық мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді.
3.9. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
3.10. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
3.11.Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтереді.
3.12. Ішкі еңбек тәртібі ережесінің орындалуын қамтамасыз етеді.
3.13. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының бұзылуына соқтыратын іс-әрекеттерден бас тартуға міндетті.
4.1. Қызметтік міндеттерін мүлтіксіз сақтау.
4.2. Еңбек және орындау тәртібін сақтау, басшылықтың тапсырмаларын уақтылы және толық орындау.
4.3. Жүктелген өкілеттіктің және алдына қойылған міндеттердің орындалуына және ұйымдастырылуына, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидаларын сақтауға, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты шектеулерге жеке жауапты.
Нұсқаулықпен таныстым:
__________________________________________________________________
(Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты, қолы, күні)
Алматы қаласы
Түрксіб ауданы әкімінің
2018 ж.«__» _________________
№___________өкімімен бекітілді
« Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппараты »
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының
лауазымдық нұсқаулығы
1.1. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы (әрі қарай – бөлім басшысы) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы «25» ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидасына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартыҚазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы «17» сәуірдағы № 219 бұйрығымен бекітілген өзінің жұмысында басшылыққа мемлекеттік қызметшінің әдеп Кодексін алады, сонымен қатар, қызмет саласын реттейтін басқа да Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңнамаларын, нормативтік құқықтық актілерімен, жарлықтармен, мемлекеттік органның өкімдерімен, ішкі тәртіп ережелерімен және осы нұсқаулықпен өзінің қызметін жүзеге асырады.
1.2. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы лауазымға Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің өкімімен тағайындалады және босатылады.
1.3. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы аппарат басшысына және аудан әкіміне бағынады.
1.4. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы уақытша болмаған жағдайда оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалардың бекітілген нормаларына сәйкес бөлім маманы алмастырады.
2.1. Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2.2. өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына жеткізген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;
2.3. еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына;
2.4. әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;
2.5. өзінің лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
2.6. лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшiн ұйымдарға белгiленген тәртiппен баруға;
2.7. басшыдан мемлекеттiк қызметшi атқарып отырған мемлекеттік лауазымға сәйкес мiндеттерді және лауазымдық өкiлеттiктер көлемiн дәл айқындап беруді талап етуге;
2.8. жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен қарым-қатынас жасалуына;
2.9. өзi атқаратын мемлекеттік лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбекақы төленуiне;
2.10. тиiстi бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебiнен даярлануға, қайта даярлануға және бiлiктiлiгiн арттыруға;
2.11. мемлекеттік орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға немесе тағылымдамадан өтуге жіберген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жұмыс орнының (мемлекеттік лауазымының) сақталуына;
2.12. өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктемелер беруге;
2.13. бiлiктiлiгi, құзыреттері, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет бабында ілгерілетілуге;
2.14. мемлекеттік қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тергеп-тексеруді талап етуге;
2.15. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша шығарылуға;
2.16. зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
2.17. лауазымдық өкілеттіктерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;
2.18. жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
Мемлекеттік қызметшінің өзге де құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.
3.1. Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президентінің Жарлықтарының, Үкіметінің қаулыларымен Алматы қалалық Мәслихатының сессиясының шешімдерінің, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асырады.
3.2. Бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру бойынша, жоғалған акт жазбаларын қалпына келтіру бойынша, жоғалаған акт жазбаларын қалпына келтіру бойынша, азаматтық хал актілержазбаларына түзетулер, өзгертулер, толықтырулар енгізу бойынша азаматтарды қабылдайды.
3.3. Туу туралы, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әкелікті анықтау, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, азаматтық хал актілері жазбаларын жою, азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру.
3.4. Азаматтық хал актілерін тіркеудің заңдылығына және бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына бақылауды жүзеге асырады.
3.5. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады.
3.6. Елтаңбалы құжаттардың есебіне берілуіне, сақталуына, Алматы қаласы Әділет департаментіне № 22, 23, 97 үлгілері бойынша статистикалық мәліметтердің уақтылы берілуіне жеке жауапты.
3.7. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарлардың уақтылы қаралуына жауапты.
3.8. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, еңбек және орындау тәртібін қамтамасыз етеді. Әкім аппаратының басшысына бөлім қызметкерлерін тағайындау және жұмыстан босату жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бөлімнің азаматтық қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды.
3.9. Қызметтік міндеттеріне сәйкес іс жүргізу, бөлімнің істер тізбесіне сәйкес істерді құрастыруға жауапты, істердің сақталуын және ведомствалық мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді.
3.10. АХАТ бөлімінің ғимаратында материалдық құндылықтарға жауапты тұлға болып табылады.
3.11. Ведомствалық мұрағатқа бөлімнің істерін өткізуді қамтамасыз етеді.
3.12. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.
3.13. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
3.14.Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтереді.
3.15. Ішкі еңбек тәртібі ережесінің орындалуын қамтамасыз етеді.
3.16. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының бұзылуына соқтыратын іс-әрекеттерден бас тартуға міндетті.