Түрксіб ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2023 жылдың қорытындысы

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі- 333,8 млрд. теңгені құрады. Үлесі - 18,4% (2022 жылы - 357 млрд.теңге).

Ауданда 33 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын бар, өнеркәсіптің үлесінің өсуінің негізгі драйверлері келесі кәсіпорындар болып табылады: ЖШС «Казферросталь» ЖШС «АЗМК», ЖШС «Hyundai Trans Auto», ЖШС «ЭФКО Алматы» , ЖШС «Маслодел», ЖШС «Алина Групп».

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 202,2 млрд. теңгені құрады. НКИ – 104,7% (2022 жыл - 189,1 млрд.тг., НКИ - 127,9%).

Инвестициялар түсімінің негізгі өсімін жеке инвестициялар құрайды, олардың үлесі 88% (177,4 млрд.теңге). Аудандағы инвестиция көлемін келесі кәсіпорындар өсіруде: АҚ «Алматы қаласының халықаралық әуежайы», «Аir Astana», әуекомпаниясы ЖШС «Борусан Макина», және көп қабатты үйлер.

Салық

2023 жылы 216,3 млрд.теңге көлемінде салық жиналды, РБ – 126 млрд.теңге, ЖБ – 90,3 млрд.теңге (2022 ж 176,2 млрд.теңге, РБ – 109,8 млрд.теңге, ЖБ – 66,4 млрд.теңге).

Тұрғын үйлерді қолданысқа беру

2023 жылы 212,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ – 220,2 % (2022 жыл - 84,7 шаршы метр).

Жаңа жұмыс орындарын құру

2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ауданда 5571 жаңа жұмыс орны құрылды-107 %. (2022 жыл – 4 180).

Дата публикации
05 апреля 2024