Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің

2024 жылғы 29 наурыздағы № 01 шешімі

Әділет департаментінде 2024 дылғы 29 наурызда

№ 1764-2 болып тіркелген.

 

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің

2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында

сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер

енгізу туралы

 ШЕШТІ:

  1. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 «Алматы қаласы Түрксіб ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде    № 1539 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің № 1 қосымшасындағы №№453, 456, 462, 605 сайлау учаскелерінің шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

  1. «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысы Б. Н. Мәнізоровқа жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі

 

 

Б. Ақжаров

 

КЕЛІСІЛДІ:   

Алматы қаласы аумақтық 

сайлау комиссиясының төрайымы                                 А. Қалықова                

 

Дата публикации
04 апреля 2024