Түрксіб ауданы бойынша дін саласындағы ақпарат

Түрксіб ауданының аумағында қазіргі таңда 24 діни ұйым тіркелген. Оның ішінде: ислам - 8, христиан бағыты - 16 (православие – 2, протестанттар -14).

Аудан аумағында ҚМДБ-ның ханафи мазхабынан Ислам дінін ұстанатын 8 мешіт орналасқан:

  1. «Фирали»мешіті (Кассин көшесі, 122 үй), бас имам Абдраманов Ержан Усенханұлы. Жұма намазында мешітке баратындардың саны шамамен 400 адамды құрайды, бір апта ішінде келушілер саны шамамен 600 адамды құрайды.
  2. «Ынтымақ»мешіті (Жарылғасов көш., 79 үй), бас имам Ибрагимов Осман Бахабидинулы. Жұма намазында мешітке баратындардың саны шамамен 300 адамды құрайды, бір апта ішінде келушілер саны 400 – ге жуық.
  3. «Әлмерек»мешіті (шағын аудан Әлмерек Наурызбай батыр көшесі 9/1), бас имам Сапарбек Абылай Аскатұлы. Жұма намазында мешітке баратындардың саны шамамен 200 адамды құрайды, бір апта ішінде келушілер саны 300 – ге жуық.
  4. «Ар-Рахим»мешіті (Сарымулдавев көшесі, 22), бас имам Таджиев Абдукадир Нурлыбаевич. Жұма намазында мешітке баратындардың саны шамамен 200 адамды құрайды, бір апта ішінде келушілер саны 300 – ге жуық.
  5. «Қайрат»мешіті (шағын аудан Қайрат, Тәттімбет көшесі 1), бас имам Мусаев Данияр Елдосавич. Жұма намазында мешітке баратындардың саны шамамен 300 адамды құрайды, бір апта ішінде келушілер саны 500 – ге жуық.
  6. «Мекке»мешіті (мкр. Нұршашқан, Қарасай батыр көшесі 7), Бас имам Фазелжанов Азат Салимгереев. Жұма намазында мешітке баратындардың саны шамамен 200 адамды құрайды, бір апта ішінде келушілер саны шамамен 400 адамды құрайды. Қазіргі уақытта мешіттің атауын «Маккаға»ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
  7. «Түрксіб»мешіті (Тоқай көшесі, 30), бас имам Сансызбаев Қанат Серікбайұлы. Жұма намазында мешітке баратындардың саны шамамен 200 адамды құрайды, бір апта ішінде келушілер саны шамамен 400 адамды құрайды.
  8. «Абдулла»мешіті (шағын ауданЖас-Қанат, Аймаганбетов көш., 164 үй), бас имам Мырзаев Тыныштықбай Яхияұлы. Жұма намазында мешітке баратындардың саны шамамен 700 адамды құрайды, бір апта ішінде келушілер саны шамамен 1000 адамды құрайды.

Сондай – ақ Түрксіб ауданының аумағында христиан бағытындағы 16 діни ұйым жұмыс істейді (православие-2, протестанттар -14).

Дата публикации
14 марта 2024