2023 жылдың қорытындысы бойынша Түрксіб ауданының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша есебі

Түрксіб ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Алматы қаласы әкімдігінің 30.01.2023 ж. № 1/47 қаулысымен бекітілген "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" КММ туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес аппарат басшысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға  жауапты болады.

Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңнамаларын бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Түрксіб ауданы әкімінің аппаратында көптеген жұмыстар атқарылды.

Аудан әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық деңгейін арттыру бойынша ағымдағы жылға арналған жоспар бекітілді.

Ақпараттандырылған кезеңде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық деңгейін арттыру мақсатында 15 іс-шара (семинарлар, кеңестер, дәрістер және т.б.), оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері бойынша өткізілді.

Өткізілген семинарларда аппарат қызметкерлері проблемалық мәселелер бойынша пікір алмасады, күрделі мәселелерді қарау мерзімдерін нақтылайды, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде қызметкерлердің  өзара әрекеттесу әдістерін қарастырады.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты  құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында (кірістер туралы декларацияны тапсыру бөлігінде) 2023 жылғы 1 және 21 ақпанда мемлекеттік қызметшілер арасында, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкерлері арасында кірістер туралы декларацияны тапсыру бөлігінде салық заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында салық қызметінің өкілдері заңнама нормаларына сәйкес түсініктемелер берді.

2023 жылдың 28 сәуірінде "адалдық алаңы" жобасының үйлестірушісі А. И. Братенков аппарат қызметкерлеріне “Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың2022-2026 жылдарға арналған заманауи тұжырымдамасы ( жүзеге асыру, жетістіктер, перспективалар” тақырыбында семинар өткізді.

2023 жылғы 31 Мамырда аудан әкімінің төрағалығымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің өкілімен Мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі кедергілерді жою және одан "шығу" тәртібін жеңілдету бойынша инновациялар туралы түсініктемелер берілді.

2023 жылы 10 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Ахетов аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді. Онда мемлекеттік қызметшілерге өз функцияларын адал және бейтарап орындап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігі айтылды.

2023 жылы 10 тамызда аудан әкімінің төрағалығымен Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департамент басшысы Ш. Әлімханның қатысуымен жиын өткізілді. Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің  мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілетін жаңалықтар таныстырылды.

2023 жылы 24 қазанда Мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген аппараттың мемлекеттік қызметшілері ант қабылдады.

2023 жылғы 27 қарашада Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  тобының басшысы С. С. Балғымбаев қызметкерлерге  “Қазақстандағы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың заманауи тұжырымдамасы, жүзеге асырылуы, жетістіктері, перспективалары, сонымен қатар “ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Қазақстан Республикасының Заңы”тақырыбында семинар өткізіп, деректі бейнеролик көрсетілді.

2023 жылы 20 желтоқсанда келесі мәселелер бойынша семинар кеңес өткізілді: - мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, - АППК нормалары бойынша, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдері туралы және өздерінің функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қабылданатын шаралар туралы түсіндіру,сондай-ақ олардың әлеуметтік қорғау және қамтамасыз ету құқықтары түсіндірілді. Адамдардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау қажеттілігі, еңбек тәртібін бұзбау, оның ішінде кез келген сыйлықты алуға тыйым салу туралы айрықша айтылды.

Сонымен қатар, Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қаржы - шаруашылық бөлімі ашықтықты сақтау мақсатында жыл сайын аудан әкімі аппаратының интернет-ресурсында Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жариялайды.

Аудан әкімі аппаратының ғимаратында "Open space" фронт-офисі, "Адалдық алаңы" жобалық офисі ашылды, онда тұрғындар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша жүгінеді.

Сонымен қатар, тұрғындар (Facebook, Instagram, Twitter) әлеуметтік желілері, аудан әкімінің ресми site.turksib@a-a.kz веб-порталы арқылы да өтініш бере алады.

Апта сайын аудан әкімі, сондай-ақ оның орынбасарлары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша 2022 жылмен  салыстырғанда әкім 39 жеке қабылдау өткізді (224 мәселе бойынша 137 адам қабылданды), (2022-31 қабылдау, 176 мәселе бойынша 131 азамат қабылданды).

Әкім орынбасарларымен -64 қабылдау өткізіп, 289 мәселе бойынша 242 азамат қабылдады (2022 жылы 36 қабылдау өткізді, 169 мәселе бойынша 123 қабылданды).

Ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы сайт арқылы, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының әлеуметтік желілері арқылы жарияланады.

Жыл басынан бері аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 2296 өтініш келіп түсті (2022 ж. – 1624).

Оның ішінде әкімнің сайтына 1588 өтініш түсті (2022 - 940), әлеуметтік желідегі аккаунттар арқылы 9110 өтініш түсті (2022ж.- 6438).

Барлық өтініштер қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсіндірілді.

Жыл басында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жөніндегі комиссияның кестесі мен құрамы бекітіледі.

Жартыжылдық қорытынды бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүзеге асырылады. Нәтижелері Аудан әкімінің сайтында жарияланады.

Аппарат жиналыстарында тұрақты негізде мемлекеттік қызметшілердің назарына қолданыстағы заңнама нормаларының қатаң сақталуы туралы жеткізіледі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңнамасының, Әдеп кодексінің, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер тіркелмеген."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларының сақталуына бағытталған жұмыс аудан әкімінің бақылауында.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 января 2024