Қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2023 жылдың 21 қарашасынан 20 желтоқсанына дейін Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қызметінде (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, инженерлік-жол инфрақұрылымы бөлімінде, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдану жасалатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз a.tyrksib@almaty.gov.kz, құпиялылық және анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

 Мәселелер туындаған жағдайда 8/727/223-11-17 телефоны бойынша хабарласу қажет.

Дата публикации
27 ноября 2023