Алматы қаласы 17 шілде 2023 жыл
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1 және 5-тармақтарына, "сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді (бұдан әрі-аудан әкімінің аппараты).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздемесі: Түрксіб ауданы әкімінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 131 өкімі (бұдан әрі-СЖТІТ).
СЖТІТ жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2023 жылғы 27 маусымнан 17 шілдеге дейін.
Аудан әкімінің аппараты өз қызметін Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/47 қаулысымен бекітілген "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" КММ туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Аудан әкімінің аппараты Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
СЖТІТ жүргізу кестесіне сәйкес, аудан әкімі аппаратының бөлімдері басшылыққа алатын заңнамалардың нормалары келесі бағыттарда зерделенді:
1) «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде және қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы:
- "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ қолданыстағы құқықтық актілер;
- кадр жұмысы жөніндегі материалдар (лауазымдық нұсқаулықтар (бөлімнің қызметін реттейтін ішкі құжаттар);
- аудан әкімі аппаратындағы ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын материалдар (қаралған өтініштердің саны және олар бойынша қарау нәтижелері, жоспар-тапсырмалар және олардың орындалуы, Аудан әкімінің халықпен кездесулеріндегі деректер);
"Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"ҚР Заңының нормаларына сәйкес шешімдер мен өкімдер зерделенді.
2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/47 бекітілген Ережеге сәйкес аудан әкімінің аппаратында әрбір мемлекеттік қызметшінің функционалдық міндеттері бекітілген.
Осы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңының 37-бабына сәйкес әкім нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер мен әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады.
2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша аудан әкімі нормативтік - құқықтық сипаттағы 0 шешім (2022-1), әкімшілік-басқарушылық және жеке сипаттағы 308 өкім қабылдады, оның ішінде:
-әкімшілік - басқару мәселелері бойынша өкімдер 132 (2022 - 115), 176-жеке сипаттағы (2022-137).
Қабылданған НҚА-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.Аудан әкімі аппаратында ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жұмыс тобы: "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" КММ 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 1/47 ережесін (бұдан әрі Ереже), мемлекеттік қызметшілердің функционалдық міндеттерін, мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау, сондай-ақ жұмыстан босату туралы әкімнің өкімдерін, тағылымдамадан өту, аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру кестелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілік тарту және тәртіптік жауапкершілікті алып тастау мерзімдері, әкім, оның орынбасарлары жүзеге асырған қабылдаулар, сондай-ақ қаралған өтініштердің сапасы зерделеді.
Қолданыстағы Ереженің 13, 14-тармақтарының 2-тарауына сәйкес Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің негізгі міндеттері мен функциялары, сондай-ақ құқықтары мен міндеттері айқындалды. Сонымен қатар, 2023 жылдың сәуір айынан бастап Ережеге сәйкес Алматы қаласы басқармаларының кейбір функциялары аудан әкімі аппараттарына берілді, осыған байланысты штат саны артты.
2023 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің штат саны штат кестесіне сәйкес-54 (2022 жылы - 36) бірлік, нақты саны-43 бірлік және 11 бос орын (1 коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы; 1 инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы; 1-бөлімнің бас маманы ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы; 1 – Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы; 1-қоғамдық даму бөлімінің бас маманы; 2-қаржы-шаруашылық бөлімі оның ішінде: 1 бос жұмыс орны уақытша; 1-Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы. 2- АХАТ бөлімінің функциялары "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-ға берілді.
2023 жылы Мемлекеттік қызметке 5 қызметкер қабылданды (1 - мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, 1 – кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, ауысып келді: Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан 10 мемлекеттік қызметші, Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасынан-1; 3 мемлекеттік қызметші қызметкер жұмыстан босатылды (2022 жылы - 1), 1 мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты, 1 - Астана қаласына көшуіне байланысты (Құрбанбай Н.Б.), 1 – отбасы жағдайы бойынша (Мұсаев А.Д.).
2023 жылы бекітілген кестеге сәйкес 5 қызметкердің біліктілігін арттырды, 5 қызметкер қайта даярлаудан өтті. Басқа мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарда тағылымдамадан 2023 жылы 3 қызметкер өтті.
2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша аудан әкімінің өкімімен 27.01.2023 ж. жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін 1 тәртіптік жаза қолданылды (2022 жылы - 4), бұдан әрі тәртіптік жаза 11.05.2023 ж. № 52 л/с алынып тасталды (лауазымдық міндеттерін адал атқаруына байланысты Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу құрметіне).
Талданып отырған кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптік, қылмыстық жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілер, қызметтік әдеп нормалары тіркелмеген.
Заңнама нормаларының, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеу мақсатында аппаратта аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен 5-тен астам құқықтық семинар өткізілді.
Сондай-ақ, жұмыс тобы аудан әкімі аппаратының құжат айналымы бойынша талдау жүргізді.
2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша әкім аппаратының жалпы құжат айналымы 9348 (2022 ж.-7692) құрады, жоғары тұрған ұйымдардан 81 хат, 2620 қызметтік хат-хабар (бақылау-100), азаматтардан 6 728 өтініш түсті. Аудан әкімінің аппаратына азаматтардан 6 728 өтініш келіп түскен, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2022 ж.-5503) 1225 (26,7%) артық, оның ішінде 1341 (2022 ж.-721) әкім аппаратының кеңсесі арқылы, 4 655 (2022 ж. -4077) әлеуметтік желілердегі аккаунттарға, 732 өтініш (2022-705) аудан әкімінің веб-сайтына арқылы түскен. Азаматтардың өтініштерінің көпшілігі аудан әкімдігінің құзыретіне кірмейтіндігіне байланысты көбейіп отыр. Сонымен қатар, тұрғындар Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесіне әлеуметтік желілер арқылы көбірек өтініш бере бастады.
Аппарат кеңсесіне келіп түскен 1341 өтініштің 1260-ы өтініш берушілерден қабылданды, 81-і Almaty Ореп қоғамдық қабылдау бөлмесінен келіп түсті.
Аудан әкімі аппаратының кеңсесіне келіп түскен азаматтардың өтініштерінің сипаты:
- Коммуналдық сипатта-504 (38%);
- Абаттандыру - 305 (23%);
- Әлеуметтік сипаттағы-92 (7%);
- Кәсіпкерлік бойынша-80 (6%);
- Құқықтық сипаттағы-41 (3%);
- Басқалары -319 (23%).
Кеңсеге келіп түскен өтініштердің ішінен 198 (15%) өтініш шешілді, 476 (35%) уәкілетті органдарға жіберілді, 633 (47%) түсініктемелер берілді, жұмыста – 34 (3%) өтініш.
2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тұрғындардың кеңсеге жүгіну саны 620-ға (46%) өсті.
Аудан әкімінің интернет-ресурсына келіп түскен 732 өтініштің ішінде: 409-коммуналдық мәселелер-(56%), абаттандыру мәселелері-314 (43%), әлеуметтік мәселелер бойынша - 4 (1%), кәсіпкерлік қызмет бойынша - 2(0,3%), басқа мәселелер бойынша - 3 (0,4%).
2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда веб-сайтқа өтініштер саны 27 немесе (3,7%) өсті.
Қызметтік хат-хабарлардың есепті кезеңінде – 2 620, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 431 немесе 16% - ға (2189) ұлғайды.
Талданатын кезеңде мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға 720 (2022 ж.-428) бастамашылық хат жолданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 292-ге немесе 40% - ға артық.
Талданатын кезеңде қарау мерзімдерін бұза отырып қаралған өтініштер анықталған жоқ. Жоғары тұрған ұйымдардың, жеке тұлғалардың және азаматтардың өтініштерінің барлық хаттары Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес орындалды.
Талдамалық анықтаманың қорытынды бөлігі
2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы мен 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Жұмыс тобы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы мен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстыра отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды келесі бағыттар бойынша жүргізді:
1) «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде және қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ ұйымдастырушылық-басқару қызметінен туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2023 жылғы 1 сәуірден бастап Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау, Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының кейбір функциялары аудандар әкімінің аппараттарына берілгендігіне байланысты ұсынылады:
- аппараттың одан әрі тиісті жұмысы үшін инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімдерінің, коммуналдық шаруашылық және абаттандыру бөлімінің берілетін функционалдық міндеттерін сәйкестікке келтіру.
Аудан әкімі аппаратының ішкі құжаттарында (аудан әкімі қабылдаған актілерде) сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Алдын жүзеге асырылған СЖТІТ бойынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша мынадай ұсыныстар енгізілді:
-сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында уәкілетті орган өткізетін семинарларда Қаржы-шаруашылық бөлімінің қызметкерлерін оқытуды тұрақты негізде жүргізу;
- Негізгі қызметкердің жүктемесін азайту үшін, мерзімдердің бұзылуына жол бермеу мақсатында, қосымша бірліктерді бөлу мәселесін қарау туралы бірінші басшыға тікелей хатпен жүгіну ұсынылады: 1 мемлекеттік қызметшінің бірлігі (логин-парольдерге қол жеткізе отырып), сондай-ақ"АХАЖ РП" базасында жұмыс істеу үшін жеке-еңбек шарты бойынша қызметкерлер санын қосымша ұлғайту;
- Әдеп кодексінің нормаларын бұзуға жол бермеуге, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық деңгейін арттыруға, сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын әрекеттерге жол бермеуге бағытталған алдын алу сипатындағы іс-шараларды тұрақты негізде жүргізуге.
Осы ұсынысты орындау үшін келесі жұмыстар атқарылды:
Өткізілетін семинарларда Қаржы-шаруашылық бөлімінің қызметкерлерін оқытуды жүргізу бөлігінде.
Оқыту семинарына қызметкерді 2023 жылдың соңына дейін жіберу жоспарлануда.
Жүктемені алып тастау және "АХАЖ РП" базасы бойынша жұмыс істеу үшін хатты жолдау бөлігінде.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап АХАТ бөлімінің функциялары " Алматы қаласы бойынша Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы"КЕАҚ-ға берілді.
Әдеп кодексінің нормаларын бұзуға жол бермеу жөніндегі іс-шараларды өткізу бөлігінде. Аудан әкімінің аппаратында тұрақты негізде "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" ҚР заңнамасын, Әдеп кодексін және басқа да заңнама нормаларын бұзушылықтарға жол бермеу бойынша іс-шаралар өткізіледі.
Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсыныстар:
- аппараттың одан әрі тиісті жұмысы үшін инженерлік және жол инфрақұрылымы, коммуналдық шаруашылық, абаттандыру бөлімдерінің берілетін функционалдық міндеттерін сәйкестікке келтіру.
Аудан әкімі аппаратының ішкі құжаттарында (аудан әкімі қабылдаған актілерде) сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
-Түрксіб ауданы әкімінің Интернет-ресурсында талдамалық анықтаманың ұсынымдарын орындау бойынша ақпарат орналастырылсын.
Жұмыс тобының жетекшісі,
Түрксіб ауданы әкімінің
аппараты басшысы Б. Манзоров
Жұмыс тобының мүшелері:
Р. Е. Усеров
Р. Р. Исламова
Ж. Е. Абдикеримова
Г. О. Битибаева