Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2023 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі аналитикалық анықтама

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 28.05.2015 жылғы №112  бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы- М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1. А.Азизова, 2. С. Бердиева,                                        3. Ж.Шабарова, 4.Т. Малгождарова, 5.М.Магомедова, 6.М. Азизова.

Мұрағаттық қор-1982 кітап, № 2087 дейн. № 109 кітаптап 75 жыл сақталу мерзімі өткендіктен мемлекеттік мұрағатқа өткізілді. Сақталу мерзіміне қатысты № 19, №43, №47 құрылған. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2022 және 2023  жылдың жарты акт жазбалары кітаптары тігіліп, тізім жасалған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында- 2496 акт жазбалары тіркелінген.

2023 жылдың 1 тоқсанында- 2496 акт жазбасы тіркелінген. 2021 жыл мен 2022ж. 2633 салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 5% пайызға төмендеді.

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу-1274 акт жазба.

2023 жылдың 1 тоқсанында-1265. Өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырсақ, 1 пайызға жоғарылады.

Қайтыс болуды тіркеу -498, 2022 жылдың 1 тоқсанында-637.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда -22 пайызға төмендеді

Неке қиюды тіркеу- 612 акт жазбасы, ал 2022 жылдың 1 тоқсанында-550.

Неке бұзуды тіркеу - 2023 жылы 1 тоқсанында- 95 акт жазба, 2022 жылы 1 тоқсанында- 99, өткен жылмен салыстырғанда, 5,5 пайызға төмендеген.

Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2023 жылдың 1 тоқсанында- мемлекеттік баж салығы  5млн. 957 452,5 тенге қабылданды, ал 2022 жылы 1 тоқсанында - 5 млн. 482 мың 645, 5 тенге. Мемлекеттік баж 8,7 пайызға артқан.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының аппараты  мемлекеттік қызмет көрсету  2023 жылдың 1 тоқсанында- 5262 орындалған. Оның ішінде:

Электронды үкімет арқылы-1424,

Мемлекеттік корпорация арқылы-2798,

Тікелей мемлекеттік орган арқылы-1040.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының  аппараты мемлекеттік қызмет көрсету  2022 жылдың 1 тоқсанында- 5281 орындалған. Оның ішінде:

Электронды үкімет арқылы-2857,

Мемлекеттік корпорация арқылы-1465,

Тікелей мемлекеттік арқылы-959.

Электронды түрде азаматтардың өтініштерін қабылдау 0,3% пайызға төмендеген.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2023 жылдың 1 тоқсанға белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар түгелімен орындалды. Электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштер көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен бөлім басшысы 2 рет жиналыс өткізді.

2023 ж. ақпан айында мемлекеттік қызмет Академиясында бөлім басшысымен біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курс өткендігі туралы арнайы сертификат табысталды.

20.02.2023 ж. АХАТ бөлімінің басшысы Ж.Дюсембаева БҰҰ «Отбасылық құндылықтар» бағдарламасы аясында «Мозговой штурм» тақырыбында конференциясына қатысты.

02.03.2023 ж. АХАТ бөлімінің бас маманы Хайруллаева М. «Қиын жағдайда қалған балаларды қолдау» орталығында 16 жасқа толған балалардың тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, түзетулер енгізу, неке-отбасылық заңнамалар туралы түсіндірме жүргізді.

 АХАТ бөлімі басшысы               Ж.Дюсембаева                                                                  

 

 

Дата публикации
07 апреля 2023