Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2022 жылдың атқарған жұмыстары жөніндегі аналитикалық анықтама

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 28.05.2015 жылғы № 112 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.Т. Малгождарова, 5.М.Магомедова, 6.М. Азизова.

Мұрағаттық қор-1966 кітап, № 2066 дейн. № 98 кітаптап 75 жыл сақталу мерзімі өткендіктен мемлекеттік мұрағатқа өткізілді. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2021 жылдың кітаптары тігіліп, тізім жасалған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2022 жылдың – 11 169 акт жазбалары тіркелінген. 2021 жылдың – 12 708. салыстырғанда, 13, 8 пайызға төмендеді.

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу – 5390  акт жазба.

2021 жылдың саны- 5860. Салыстырсақ, 8 пайызға  төмендеді.

Қайтыс болуды тіркеу - 2204, 2021 жылдың саны- 3369.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда  -34,6 пайызға төмендеді

Неке қиюды тіркеу- 2754 акт жазбасы, ал 2021 жылда -2753. Салыстыра келе, 0,1 пайызға өсті.

Неке бұзуды тіркеу - 2022 жылы - 411 акт жазба, 2021 жылы -370, өткен жылмен салыстырғанда, 11,1 пайызға артқан.

2022 жылы   тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы -344 акт жазба тіркелінген. 2021 жылы- 306, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-12,4  пайызға өсті.

Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2022 жылдың 1 жартыжылдықта-  мемлекеттік баж салығы  25 млн 162 мың 609,8  қабылданды, ал 2020 жылы – 23 млн. 616 мың 161,20 теңге, 6, 55 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.

Мемлекетттік органдардың негізгі көрсеткіші мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы қызмет көрсетуі:

Алматы қаласы Түрксіб ауданының аппараты  мемлекеттік қызмет көрсету  2022 жылда  -  23 691 орындалған.                

Оның ішінде:

Мемлекеттік корпорация арқылы- 12 020,

Электронды үкімет арқылы- 6 946,

Тікелей мемлекеттік арқылы- 4 725.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының аппараты  мемлекеттік қызмет көрсету  2021 жылдың -   23 772 орындалған.                 

Оның ішінде:

Мемлекеттік корпорация арқылы-13 295,

Электронды үкімет арқылы- 6 973,

Тікелей мемлекеттік арқылы- 3 504.

 Жалпы қызметтердің саны 0,34 пайызға төмендеді.

Осыған орай, мемлекеттік қызметтерді көрсету сұраныстары 0,3 пайызға азайды.

Мемлекеттік копорация бойынша 9,6 пайызға төмендеді.

Электрондық үкімет порталы бойынша 2,1 пайызға көбейді.

Тікелей жергілікті атқарушы орган бойынша 34,8 пайызға көбейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету өтініштері көлемінің азаюы бойынша талдау нәтиижесінде, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту және сот шешімінің негізі бойынша неке бұзуды рәсімдеу тоқтатылды. Әкелікті анықтау және бала асырап алу бойынша заңнамалық тоқтатулар енгізілді. Алайда қызмет көрсету барысында құқықтық негіздер сақталған және қызмет саны көбеюде. Бірақ реестр бойынша қысқартулар  мемлекеттік қызмет көрсету көлемін төмендетеді.

 Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2022 жылында -   белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар толық орындалды.

Электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштер көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен бөлім басшысы 8  рет жиналыс өткізді.

2022 жылы 10 наурызда Отбасы күні мерекесіне орай арналған аз.Александр мен Валентина Кузововтардың алтын мерейтойлары салтанатты түрде аталып өтті. (Әкім аппаратының сайтында және АХАТ бөлімінің инстаграмм желісінде жарияланды).

Қазақстан Республикасының Отбасы күніне орай-Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының сайтында 26.04.2022 ж. Майоровтар отбасының 50 жылдық мерейтойы және 22.04.2022ж. Бодрых отбасыларына өткізілген іс-шаралар жарияланды.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет агентствасының және цифрландыру басқармасының тапсырмасын орындау мақсатында 30.03.2022 жылы АХАТ бөлімінің басшысы мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш қабылдау кезінде қателіктер жібермеуге лекция-оқыту өткізілді. (Әкім аппаратының сайтында және АХАТ бөлімінің иснтаграм желісінде жарияланды).

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша кәмелетке толмағандар істері бойынша ведомствоаралық комиссия мүшелігі ретінде тұрақты түрде отырыстарына қатысамыз. 2022 жылы 18 отырыс өткізілді.

Алматы қаласы әкімі аппаратының цифрландыру басқармасына тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша азаматтарды қабылдау кезінде жіберілген ескертулерді жою үшін Түрксіб ауданының Мемлекеттік корпорация бөлімінде қосымша дәрістер өткізу ұсынылды.

Қазақстан Республикасының электрондық паспортын қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Осылайша, Әділет министрлігі акт жазбаларын пысықтауға - цифрландыруды жүргізуге тізімдер жібереді. Бұл жұмыс АХАТ қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне кірмейді, дегенмен әрбір қызметкер осы бағытта жұмыс істейді.

Алматы қаласының Әділет Департаментіне мемлекеттік қызмет көрсетуге электрондық өтініштерді насихаттау бойынша ұсыныстар жолданды.

Мемлекеттік қызмет күніне орай АХАТ бөлімінің басшысы Ж. Дюсембаева агенттіктің грамотасымен марапатталды.

АХАТ бөлімі тұрақты негізде Алматы қаласы бойынша сот процестеріне қатысады. 2022 жыл бойынша пікірлер дайындалып,36 процесске қатысты.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2022 жылдың 1 жарты жылдықта -белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар түгелімен орындалды.

Электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету Е-өтініш бағдарламасы бойынша белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын қарастыру жүргізілді. 2022 жыл бойынша 320 өтініш және сұраныстар  толық орындалды.

ODO бұлтты құжат айналымдық  бағдарламасы бойынша 2022 жылы 840 сұраныс келіп түсті , соның ішінде 756 хатқа түсіндірмелер мен жауаптар жіберілді. Мемлекеттік мекемелерден 84 көлемінде мәлімет үшін және хабарландырулар, қорытындылар келіп түсті.

Бөлім жұмысында "Е-өтініш"бағдарламасы бойынша азаматтардың өтініштерін сапалы және уақытылы қарауға үлкен мән беріледі. 2022 жылда көрсетілген мерзімде 67 өтініш келіп түсті және пысықталды.

6.09.2022 ж. азаматтарға электрондық өтініштерінің деңгейін көтеру мақсатында Алматы қаласы аумақтық коммуникация қызметтігінде 215 БАҚ өкілдері қатысуымен брифинг өткізілді. Белгіленген мерзім бойынша мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен электронды үкімет порталы қызметтерін енгізу бойынша 2 жиналыс отырысы болды.

Қала күніне орай-жастарға салтанатты түрде неке қию мерейтойы өткізілді.

04.11.2022 «Тенгриньюс» сайтында балаға тегін,атын,әкесінің атын енгізу бойынша түсіндірме берілді.

2022 жылы қазан айында бас маман Хайруллаева М.С мемлекеттік қызмет агентствасы арқылы  біліктілікті арттыру курсын өтіп, сертификатқа ие болды.

2022 жылы 21 қазанда 11 түрлі мемлекеттік қызметтері мәселесі бойынша аудан әкімі Ақжаров Б.Қ мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметтер істері Алматы қаласының агентствосының басшысы Үйсімбаев И. қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізілді.

Қазақстан Республикасы Электронды паспорт қалыптасуына байланысты көлемді жұмыстар жүргізілуде. Азаматтық хал актілерін  тіркеу  базасының  әзірленуге жұмыс жұргізіледі.

Жұмыс жоспарына сәйкес, бас маман Хайруллаева М. Барлық түрлі акт жазбаларына өзгерту, түзету және толықтыру енгізу істеріне талдау жасалды.

Мұрағатта 55 кітаптың көлемінде  түптеу жұмыстары жүргізіліп, 18 дана көлемінде ескірген кітаптар қалпына келтірілді.

АХАТ бөлімі басшысы     Ж.Дюсембаева                                                               

 

 

Дата публикации
20 января 2023