Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 28.05.2015 жылғы № 112 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.
Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.Т.Малгаждарова, 5.М.Магомедова, 6.А.Конаева.
Мұрағаттық қор-2157 кітап, №2062 дейн (№106 бастап). Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2021 жылдың кітаптары тігіліп, тізім жасалған.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2022 жылдың 4 тоқсанында- 2786 акт жазбалары тіркелінген.
2021 жылдың 4 тоқсанында-3070 акт жазбасы тіркелінген. 2022 жыл мен 2021 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 10 пайызға төмендеді.
Олардың ішінде:
Тууды тіркеу-1363 акт жазба.
2021 жылдың 4 тоқсанында-1391. Салыстырсақ, 2 пайызға төмендеді.
Қайтыс болуды тіркеу -532, 2021 жылдың 4 тоқсанында-752.
Аналитикалық периодпен салыстырғанда -29,3 пайызға төмендеді.
Неке қиюды тіркеу- 747 акт жазбасы, ал 2021 жылдың 4 тоқсанында-716. Салыстыра келе, 4,3 пайызға артқан.
Неке бұзуды тіркеу - 2022 жылы 4 тоқсанында- 93 акт жазба, 2021жылы 4 тоқсанында-198 ,өткен жылмен салыстырғанда, 53 пайызға азайған.
2022 жылы 4 тоқсанында тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -31 акт жазба тіркелінген. 2021 жылы- 91, осы көрсеткіштерді салыстыра келе- 96 пайызға азайды.
Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2022 жылдың 4 тоқсанында- 5 678 828,4 теңге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2021 жылы 4 тоқсанында – 6 079 978 теңге, 7 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау азайған.
Мемлекеттік органдардың негізгі көрсеткіші мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы қызмет көрсетуі.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету 2022 жылдың 4 тоқсанында-5 782 көрсетілген. Оның ішінде:
Электронды үкімет арқылы- 2 015,
Мемлекеттік корпорация арқылы- 2540,
Тікелей мемлекеттік арқылы-1 227.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету 2021 жылдың 4 тоқсанында- 5 933. Оның ішінде:
Электронды үкімет арқылы-2 866,
Мемлекеттік корпорация арқылы- 2 113,
Тікелей мемлекеттік арқылы -954.
Мемлекеттік қызмет көрсету 2,5 пайызға азайған.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2022 жылы 4 тоқсанына арналған сәйкес белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар түгелімен орындалды.
Қала күніне арнайы мереклеп, жас жұбайлардың некесі салтанатты түрде өткізілді.
Қазақстан Республикасының төл құжаттың паспортың қалыптастыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Тіркеу пунктінің Азаматтық хал актілер тіркеу базасында тұрақты негізінде жұмыс жүргізіледі.
Жұмыс жоспарына сәйкес бас маман М. Хайруллаева тіркеудің бәр актілер жұмыс бойынша акт жазбаларына толықтулар, тузетулер мен өзгерістер еңгізу бойынша талдау жұргізілді.
2022 жылы 4 тоқсанда Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі 8 сот процесстеріне қатысты ұшінші жақ ретінде.
Мұрағатты түптеу жұмыстары жұргізілді, 55 кітап көлімінде, ескірген кітаптар 18 дана көлімінде қалпына келтірілді.
АХАТ бөлімі басшысы Ж.Дюсембаева