Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 28.05.2015 жылғы № 64 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.
Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.Т. Малгождарова, 5.М.Магомедова, 6.М. Азизова.
Мұрағаттық қор-1966 кітап, №2066 дейн. № 98 кітапқа дейін 75 жыл сақталу мерзімі өткендіктен мемлекеттік мұрағатқа өткізілді. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2021 жылдың және 2022 жылдың қыркуйек айына кітаптары тігіліп, тізім жасалған.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2022 жылдың 10 айында- 10 426 акт жазбалары тіркелінген. 2021 жылдың 10 айында- 10 720. салыстырғанда, 1 пайызға артқан.
Олардың ішінде:
Тууды тіркеу – 4 470 акт жазба.
2021 жылдың 10 айында- 4 916. Салыстырсақ, 9 пайызға төмендеді.
Қайтыс болуды тіркеу -1 828, 2021 жылдың 10 айында- 2 994.
Аналитикалық периодпен салыстырғанда -63 пайызға төмендеді
Неке қиюды тіркеу- 2 278 акт жазбасы, ал 2021 жылдың 10 айында- 2 285. Салыстыра келе, 0,3 пайызға төмендеді.
Неке бұзуды тіркеу - 2022 жылы 10 айында- 351 акт жазба, 2021 жылы 10 айында- 307, өткен жылмен салыстырғанда, 34 пайызға артқан.
2022 жылы 10 айында- тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы -344 акт жазба тіркелінген. 2021 жылы10 айында- 244, осы көрсеткіштерді салыстыра келе- 41 пайызға өсті.
Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2022 жылдың 10 айында- мемлекеттік баж салығы 21 млн 566 мың 263 қабылданды, ал 2021 жылы 10 айында- 19 млн. 574 мың 122 теңге , 10 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.
Мемлекетттік органдардың негізгі көрсеткіші мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы қызмет көрсетуі.
Алматы қаласы Түрксіб ауданының аппараты мемлекеттік қызмет көрсету 2022 жылдың 10 айында - 20 043 орындалған. Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы-10 279,
Электронды үкімет арқылы- 5 789,
Тікелей мемлекеттік арқылы- 3 975.
Алматы қаласы Түрксіб ауданының аппараты мемлекеттік қызмет көрсету 2021 жылдың 10 айында- 19 889 орындалған. Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы-11 308,
Электронды үкімет арқылы- 5 712,
Тікелей мемлекеттік арқылы- 2 869.
Мемлекеттік қызмет көрсету жалпы саны 1 пайызға өскен.
Электронды түрде азаматтардың өтініштерін қабылдау 1,35 пайызға артқан.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2022 жылдың 10 айына белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар түгелімен орындалды.
Электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштер көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен бөлім басшысы 5 рет жиналыс өткізді.
2022 жылы 10 наурызда Отбасы күніне арналған аз.Александр мен Валентина Кузововтардың алтын мерейтойлары салтанатты түрде аталып өтті. (әкім аппаратының сайтында және АХАТ бөлімінің иснтаграмында жарық көрді).
Қазақстан Республикасының Отбас күніне арналған-Алматы қаласы Түрксіь ауданы әкім аппаратының сайтында 26.04.2022 ж.-Майоровтар мен 22.04.2022 ж. –Бодрыхтар отбасының 50 жылдық мерейтойлары жарық көрді.
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет агенствасының және цифрландыру басқармасының тапсырмасын орындау мақсатында 30.03.2022 жылы АХАТ бөлімінің басшысы мемлекеттік корпарациясының қызметкерлерімен, мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш қабылдау кезінде қателіктер жібермеуге лекция-оқыту өтті. (әкім аппаратының сайтында және АХАТ бөлімінің иснтаграмында жарық көрді).
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша кәмелетке толмағандар істері бойынша ведомствоаралық комиссия мүшелігі ретінде әрқашан отырыстарына қатысамыз. 2022 жылы 10 айында 15 отырыс 54 сұрақ бойынша өткізілді.
Алматы қаласы әкімі аппаратының цифрландыру басқармасына тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша азаматтарды қабылдау кезінде жіберілген ескертулерді жою үшін Түрксіб ауданының Мемлекеттік корпорация бөлімінде қосымша дәрістер өткізу ұсынылды.
Қазақстан Республикасының электрондық паспортын қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Осылайша, Әділет министрлігі акт жазбаларын пысықтауға - цифрландыруды жүргізуге тізімдер жібереді. Бұл жұмыс АХАТ қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне кірмейді, дегенмен әрбір қызметкер осы бағытта жұмыс істейді.
Алматы қаласының әділет Департаментіне мемлекеттік қызмет көрсетуге электрондық өтініштерді насихаттау бойынша ұсыныстар жолданды.
Мемлекеттік қызмет күніне орай АХАТ бөлімінің басшысы Ж. Дюсембаева агенттіктің грамотасымен марапатталды.
АХАТ бөлімінің бас маманы Хайруллаева М. қазан айында мемлекеттік қызмет істері агенттігінңің біліктілік арттыру оқуға қатысып, сертификат алған.
Әкім аппарат ында 21.10.2022 ж. Б.К. Ақжаровтың төрағалығымен ҚК Мемлекеттік қызмет істері агенттігінңің департамент басшысы Үйсумбаев И. қатысумен, азаматтарға мемлекеттік қызметтің 11 түрін көрсету туралы қабылдау өтті.
Бөлім жұмысында "Е-өтініш"бағдарламасы бойынша азаматтардың өтініштерін сапалы және уақытылы қарауға үлкен мән беріледі. 2022 жылдың 10 айында 294 өтініш келіп түсті және пысықталды.
ОДО-бұлтты құжат айналымы бағдарламасы бойынша 780 сұраныс түсті. 780 пысықталып, жауаптар мен түсіндірулер берілді 625, 84-мемлекеттік органдардан мәлімет және пысықтау үшін келіп түсті (хабарлама, қорытынды және т. б.)
Сондай - ақ АХАТ бөлімі жеке тұлғалардың өтініштерін электрондық үкімет порталы арқылы жеке өңдейді-көрсетілген мерзімде – 129 өтініш.
Электронды өтініштер санын арттыру мақсатында 06.09.2022 жылы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде 215 БАҚ өкілі қатысқан бөлім басшысымен брифинг өткізілді.
04.11.2022 жылы «Тенгриньюс» сайтында нәрестенің тегін, атын, әкесінің атын қою тусініктеме берілген.
Қала күніне орай жас-жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімдері өткізілді.
Қазақстан Республикасының электрондық паспортын қалыптастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Осылайша, Әділет министрлігі акт жазбаларын пысықтауға - цифрландыруды жүргізуге тізімдер жібереді. Бұл жұмыс АХАТ қызметкерлерінің лауазымдық міндеттеріне кірмейді, дегенмен әрбір қызметкер осы бағытта жұмыс істейді.
Жұмыс жоспарына сәйкес бас маман М.Хайруллаевамен түзету, толықтыру және өзгерту істеріне талдау жүргізілді.
Алматы қаласының сот процестеріне АХАТ бөлімі үнемі қатысып отырады. 2022 жылдың10 айында 36 сот процессы қатысу мен шолулар болды.
Мұрағатта 55 кітапты тігу жұмыстары жүргізілді, 18 кітапты қайта өңдеу болды.
АХАТ бөлімі басшысы Ж.Дюсембаева