Алматы қаласы 2022 жылдың 4 қыркүйегі
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 8-бабы 1 және 5-тармағына, сонымен қоса Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидасына, сонымен қатар, Алматы қаласы аппарат басшысының 08.04.2022 жылғы № 17/б бұйрығымен бекітілген Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің 2022 жылға арналған кестесіне, сондай – ақ Түрксіб ауданы әкімінің "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" КММ-де (бұдан әрі-аудан әкімінің аппараты) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 158 өкімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі-жұмыс тобы) құрылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды аяқтау мерзімі – 2022 жыл 3 қазан болып бекітілді.
Талдаумен 2021 жылдың тоғыз айы және 2022 жылдың 9 айы қамтылған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесіне (бұдан әрі-СЖТІТ) сәйкес жұмыс тобы келесі бағыттарды зерттеді:
- "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде персонал басқармасымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесі құжаттарды зерделенді:
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларының заңды күшіне енуіне (01.07.2021 ж. бастап), "мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, 2021 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген талдау қорытындысы негізінде және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығы."Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" КММ қызметі мәселесі бойынша зерделенді.
Аудан әкімінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 166 өкімімен лауазымдық нұсқаулықтар сәйкес келтірілді.
Кейін, аудан әкімінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 51 өкімімен бұрын қабылданған өкімге штат санының қысқаруына және аудан әкімі аппаратында лауазымдық функцияларды қайта бөле отырып, штат кестесінің нақтылануына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Талданып отырған кезеңде аудан әкімі нормативтік-құқықтық сипаттағы 1 шешім, әкімшілік-басқарушылық және жеке сипаттағы 736 өкім қабылдады,
оның ішінде:
-Әкімшілік-басқару мәселелері бойынша 358 өкім, 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қабылданды, 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 378 өкім. Оның ішінде: 422 – жеке сипаттағы 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша - 206, 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша-216. Негізгі бағыттар бойынша: 2021 жылдың қорытындысы бойынша (9 ай) - 152, 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша -162.
Штат саны, оның ішінде аудан әкімі аппараты кадрларының ауысуы мәселелері бойынша.
Штат кестесіне сәйкес 2021 жылы штат саны 40 бірлік, нақты саны -37, оның ішінде бос жұмыс орындары - 6, 3 уақытша бос жұмыс орындары болды.
2022 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша (2022 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің штат саны штат кестесіне сәйкес 36 бірлік. Нақты саны 29 бірлік, 7 бірлік бос, оның 5-і уақытша.
Кадрлардың таза ауысуы бойынша: 2 қызметкер жұмыстан босатылды, бұл 55% құрады.
Талдаумен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жазалары да қамтылды.
2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке – 7 мемлекеттік қызметші, қылмыстық жауапкершілікке – 1 мемлекеттік қызметші тартылған (189-бап. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету).
2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 5 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 1 мемлекеттік қызметші, қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік, қылмыстық жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер тіркелмеген.
Талдамалық анықтаманың қорытынды бөлігі
Жұмыс тобы бағыттар бойынша 2021 жылдың 9 айы және 2022 жылдың тоғыз айы кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді:
- "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде персонал басқармасымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдау барысында персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сондай-ақ "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бұрын жүргізілген талдаулар бойынша, 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша және 2022 жылдың 6 айының нәтижелері бойынша мынадай ұсынымдар берілген болатын:
- Жоғары тұрған ұйымға (Алматы қаласының әкімдігіне) "Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты"КММ туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар берілсін.
Ұсынымдар толығымен орындалған.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған ұсынымдар:
- этикалық нормалардың бұзылуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық сипаттағы іс-шараларды тұрақты негізде жүргізу
Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық деңгейін көтеру, сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын әрекеттерге жол бермеу.
- осы ақпаратты Түрксіб ауданы әкімінің интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырсын.
Жұмыс тобының жетекшісі,
Түрксіб ауданы әкімі аппаратының басшысы
Б. Мәнізоров
Жұмыс тобының мүшелері:
А. Бекетаев
Р. Исламова
Ж. Абдыкеримова
Г. Бітібаева