«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 03 шілдедегі № 228-V Заңының 8-бабының 3, 24-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген спорттық атақтар, дәрежелер мен біліктілік санаттарын тағайындау қағидаларының тармақтарына сәйкес және 2015 жылғы 04 қыркүйектегі №107 аудан әкімінің бұйрығымен Түрксіб ауданы бойынша спорттық атақтарды, дәрежелерді және біліктілік санаттарын тағайындау бойынша аудандық комиссия құрылды.
2022 жылдың 8 айлық есебі бойынша 13 комиссия отырысы өтті.
Барлығы 143 спортшыға спорттық атақтар, дәрежелер және біліктілік санаттары тағайындалды:
- көркем гимнастикадан – 89 адам.
- құзға өрмелеуден (альпинизм) - 4 адам.
- черлидингтен - 31 адам.
- шахматтан –1 адам.
- классикалық жарғақ аяқтарда жүзуден - 6 адам.
- жүзуден – 6 адам
- конькимен мәнерлеп сырғанаудан – 1 адам
- дзюдодан «Екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушы» -1 адам.
- шинкиокушинкай каратэдан «Екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушы» -1 адам.
- таэквон-до ІTF спорты -2 адам.
- үстел теннисі бойынша «Спорт төрешісі»-1 адам.
Барлығы:
-Спорттық біліктіліктер– 138 адам.
-Біліктілік санаты- 5 адам.
Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы жүзеге асырылады.