Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 28 шілдедегі № 630 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 шiлдеде № 28947 болып тіркелді.
БҰЙЫРАМЫН:
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларында:
69-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"69. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адамдардың келісімі бойынша тіркеуші орган некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу күнін тағайындайды, бұл туралы өтініште, сондай-ақ өтініштерді есепке алу журналында белгі қойылады. Неке (ерлі-зайыптылық) некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген тұлғалардың қатысуымен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он бесінші күні тіркеледі. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күніне тура келмесе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған (дәрігерлік-біліктілік комиссиясының жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде тіркеуші органның бастығы неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімін күнтізбелік он бес күн өткенге