14.07.2022 жылғы АХАТ саласындағы заңнамалық

Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексі Неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Ағымдағы жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Сондай-ақ, ҚР Әділет министрінің 25.02.2015 ж. № 215 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру және анулизациялау қағидаларына 28.07.2022 ж. кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес түзетулер енгізілді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында "неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 47-бабына түзетулер енгізілді.

Бүгінгі өзгерістердегі ең басты жаңалық - неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу мерзімдерін 15 күнге дейінгі мерзімге қысқарту. Сонымен қатар, бұл мерзім дәлелді себептер болған кезде де қысқартылуы мүмкін: жүктілік, бірлескен балалар, ұзақ іссапарлар. Бұдан бұрын азаматтық хал актілерін тіркеудің, қайталама куәліктер мен анықтамалар берудің барлық түрлерінің аумақтан тыс қағидаты енгізілген болатын. Енді, қай өңірде туылғанына қарамастан, туу туралы қайталама куәлікті алу қажет болған кезде туу туралы қайталама куәлікті ол қалауы бойынша кез келген тіркеуші органнан ала алады.

Азаматтық хал актілерін оларды автоматтандыруға байланысты тіркеудің кейбір түрлері алынып тасталды.

Сонымен, тегін, атын және әкесінің атын өзгерту туралы куәлік берудің күші жойылды. Яғни, егер мәселе туу туралы акт жазбасын түзетумен анкеталық деректерді өзгертуге қатысты болса, онда соңғы нәтиже жаңа туу туралы куәлікті алу болады. Егер мәселе фамилияны жұбайымен жалпы өзгертуге немесе қызға қайтаруға қатысты болса. Онда тегін өзгерту туралы анықтама беріледі

2 куәліктің орнына: тегін, атын, әкесінің атын өзгерту және туу туралы куәліктің орнына тіркеуші орган тек бір туу туралы куәлікті береді, онда өтініш берушінің жеке деректері болады.

Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ережелер де өзгерді, сондықтан егер бұрын КОБСа-ның 64-бабының 4-тармағының негізінде бала тұратын ата-ана баланың тегін жеке-дара өзгертуге құқылы болса, бұл норма өзектілігін жоғалтты және өзгерістер баланың ата-анасының өзара келісімімен ғана мүмкін болады.

Сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу рәсімі автоматтандырылды. Бұл мәліметтер Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде келіп түседі және неке қию туралы акт жазбасында оның бұзылғаны туралы белгі қойылады.

Азаматтардың тіркеуші орган мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ала алатын құжаттарды (сот шешімі, медициналық куәлік, ҚР-да тіркелген акт жазбалары туралы мәліметтер және т.б.) ұсыну қажеттілігі жойылды.

Жоғарыда аталған барлық новеллалар азаматтардың уақыт және қаржы шығындарын қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесін цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді.

АХАТ бөлімінің басшысы Ж. Дүйсембаева

 

 

Дата публикации
07 сентября 2022