Қала әкімінің Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы

Алматы қаласының әкімі Е. А. Досаевтың 2022 жылғы 30 маусымдағы Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу қорытындысы туралы ақпарат

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес ағымдағы жылы Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаев 7 ауданда көшпелі кездесулер өткізді.

2022 жылғы 30 маусымда Әуежайдың мәдениет үйі ғимаратында Түрксіб ауданының тұрғындарымен сегізінші, соңғы 1-ші жартыжылдық кездесу өткізілді. Кездесу жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық басқармалар мен департаменттердің, құқық қорғау органдарының, ауданның коммуналдық қызметтерінің, қоғамдық ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері, блогерлер қатысты.

Залда стационарлық микрофондар, қала әкіміне жазбаша өтініш беруге арналған жәшіктер, әкімнің баяндамасына слайд көрсету үшін экран-проектор орнатылды.

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында қалалық басқармалар мен аудандық қызметтердің басшылары кездесуге дейін және одан кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Алматы қаласының әкімі Е.А. Досаевтың баяндамасында сандар мен фактілер барлық қалалық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде өткен жылы өткізілген іс-шараларды және ауданның 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын нақты көрсетті,  2022 жылға міндеттер қойылды. Баяндамада слайдтар көрсетілді.

Қала әкімі қосылған аумақтардың, сондай-ақ жалпы аудан бойынша тұрғындар үшін өзекті ауданның негізгі проблемаларын атап өтті.  Тұрғындар өтініштерінің негізгі себебі сумен жабдықтау, жылу-электрмен жабдықтау желілерінің тозуы болып табылады. Барлық инженерлік желілердің жалпы тозуы 70% - дан асады. Аудан бойынша 16 000-нан астам үй орталық кәрізге қосылмаған, су бұру желілері қосылған шағын аудандарда ғана емес, орталықта да жоқ.

Аудан үшін өзекті мәселе қаланың тозған қорының жартысын құрайтын ескі тұрғын үйлердің (594 үй) көп мөлшерінің болуы болып табылады, олардың жаңартылуы баяу қарқынмен жүргізіледі.

Ауданның жол инфрақұрылымының жағдайы мәз емес, Қайрат, Нұршашқан, Әлмерек шағын аудандарына асфальт төсеу қажет және т.б. Қосылған шағын аудандар мен жаңа құрылыс учаскелері үшін Құлжа тас жолы, Рысқұлов және Ержанов даңғылдары бойында жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін салу өзекті болып табылады. Көктемгі және күзгі кезеңде жеке сектордың су басуы орын алады, бұл арық желісінің болмауына байланысты. Барлығы 64 учаскеде нөсер кәрізін қайта жаңарту және салу қажет.

  Халықтың көбейуіне байланысты әлеуметтік нысандар: емханалар, ФАП, мектептер, балабақшалар, демалыс аймақтары, демалыс орталықтары мен балаларға арналған спорт секцияларын салуға қажеттілік артты.

Қала әкімі Е.А. Досаев өз баяндамасында осы проблемалардың әрқайсысына тоқталып, қойылған міндеттерді шешу үшін қала мен аудан басшылығы қандай шаралар қабылдап жатқанын айтты. Баяндама аяқталғаннан кейін кездесу сұрақ-жауап диалогы форматына өтті.

 Алматы қаласы әкімінің кездесуіне 290 адам келді, олардың 51-і сөз сөйледі.

Тұрғындар әкімге барлығы 95 сұрақ қойды, оның ішінде коммуналдық сипаттағы – 21, ауданды абаттандыру бойынша – 23, кәсіпкерлік бойынша - 5, қоғамдық көлік жұмысы бойынша - 15, әлеуметтік сипаттағы – 13, жер қатынастары бойынша - 7, Құқық тәртібі бойынша – 5, мәдениет және спорт бойынша - 4, басқа мәселелер бойынша - 2. Алматы қаласы мен Түрксіб ауданының әкіміне 11 алғыс білдірілді.

Тұрғындардың мәселелерін жедел шешу үшін аудан әкімінің аппараты мен басқармаларына қала әкімі Е.А. Досаевтың тапсырмаларымен хаттама дайындалды.

Кездесу сындарлы, жемісті жағдайда өтті, залда достық атмосфера болды. Қала және аудан басшылығының атына сын-ескертпелер түскен жоқ.

Есеп беру кездесуін БАҚ – «Алматы», «КТК» телеарналары, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттері жариялады.

       https://www.youtube.com/watch?v=R3UR5pP8DlA

Проблемалық мәселелерінің тізбесі және оларды шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары

№

Тапсырма

Жауапты орындаушы

Мерзімі

1.    

Спасская көшесіндегі үйлердің тұрғындарын орталық сумен қамтамасыз ету.

Алматы су МКК

ЭжСЖБ

2023ж.

4 тоқсаны

2.    

Костромская, Шацкий, Тренев көшелеріндегі тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосу мүмкіндігін зерттеу.

Алматы су МКК

ЭжСЖБ

 2022 жылғы желтоқсан

3.    

Баймағамбетов көшесіндегі сумен жабдықтау және кәріз желілеріндегі техникалық ақауларды жоюды қамтамасыз ету

Алматы су МКК

ЭжСЖБ

2022 жылғы желтоқсан

4.    

Молдағалиев көшесі бойындағы №25 ескі үйді бұзу үшін инвестициялар тартуды қамтамасыз ету және оның тұрғындарын көшіру тетігін енгізу

 Түрксіб ауданының әкімі,

«Алматы» ӘКК

 (келісім бойынша)

2022 жылғы тамыз

5.    

Шуақты ш/а сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстарын уақытылы аяқтауды қамтамсыз ету.

ЭжСЖБ

2022 жылғы қыркүйек

6.    

«Нұршашқан» шағын аудан тұрғындарының тұрғын үйлерін сумен жабдықтау желілеріндегі техникалық ақауларды жоюды қамтамасыз ету.

ҚБ

2022 жылғы тамыз

7.    

Огарев көшесі бойындағы балабақша құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы уақтылы әзірлеуді және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуды қамтамасыз ету

УС

ББ

2022 жылғы қараша

8.    

«Шуақты» шағын ауданынан «Жас Қанат»  шағын ауданына, №28 емханаға дейін тікелей автобус маршрутын іске қосу бойынша ұсыныстар енгізу

ҚМБ

2022 жылғы қыркүйек

9.    

Рысқұлов даңғылы мен Ержанов көшесі арқылы  өтетін теміржол жолдары арқылы өтетін жерүсті жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына мемлекеттік сараптама қорытындысын алу қамтамасыз етілсін.

ҚМБ

2022 жылғы қыркүйек

10.        

Костромская, Шацкий, Тренев көшелері тұрғындарының теміржол үстінен жер үсті жаяу жүргіншілер көпірін салу туралы өтініштерін зерттеу.

ҚМБ

2022 жылғы желтоқсан

11.        

Алтай - 1 шағынаудандағы санитарлық нормаларға сәйкес жер учаскесін қалпына келтіре отырып, туберкулез диспансері ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу бойынша тексеру жүргізуді және ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету.

ҚДСБ,

ҚБ

2022 жылғы қыркүйек

16.

Бұрынғы «Арзан» дүкенінің бос тұрған аумағында балаларға арналған демалыс орталығын салу жөніндегі ұсынысты зерделеу және енгізу

ҚДСБ,

және ҚБ

2022 жылғы қыркүйек

 


                                                                                                                                                    

Дата публикации
05 июля 2022