Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша спорттық атақтар, дәрежелер және біліктілік санаттары тағайындау туралы мәлімет

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 03 шілдедегі № 228-V Заңының 8-бабының 3, 24-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген  спорттық атақтар, дәрежелер мен біліктілік санаттарын тағайындау қағидаларының тармақтарына сәйкес және 2015 жылғы 04 қыркүйектегі №107 аудан әкімінің бұйрығымен Түрксіб ауданы бойынша спорттық атақтарды, дәрежелерді және біліктілік санаттарын тағайындау бойынша аудандық комиссия құрылды.

2022 жылдың 2 тоқсанында 8 комиссия отырысы өтті.

Барлығы 51 спортшыға спорттық атақтар, дәрежелер және біліктілік санаттары тағайындалды:

- көркем гимнастикадан – 7 адам.

- құзға өрмелеуден (альпинизм) - 3 адам.

- черлидингтен - 31 адам.

- шахматтан –1 адам.

- классикалық жарғақ аяқтарда жүзуден-6 адам.

- дзюдодан «Екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушы»   -1 адам.

- таэквон-до ІTF спорты -1 адам.

- үстел теннисі бойынша «Спорт төрешісі»-1 адам.

Барлығы:

-Спорттық біліктіліктер– 48 адам.

-Біліктілік санаты- 3 адам.

Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2022