Аудан әкімі Б.К.Ақжаровтың 2022 жылдың I тоқсанындағы Қайрат пен Әлмерек шағын аудан тұрғындарымен көшпелі кездесулерінде түскен мәселелердің орындалуы туралы Ақпарат

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 "Әкімдердің халықпен кездесулер өткізуі туралы"Жарлығына сәйкес аудан әкімі 2022 жылдың I тоқсанында Қайрат пен Әлмерек шағын ауданның тұрғындарымен кездесулер өткізді. Аудан әкімінің Қайрат шағын аудан тұрғындарымен есеп беру кездесуі 2022 жылдың 25 ақпанында мешіт аумағында өтті. Барлығы 10 сұрақ түсті, оның ішінде:

  1. Қоғамдық көлік жұмысы бойынша - 5, оның ішінде 3 түсініктеме берілді 1 сұрақ-шешілді, 1 сұрақ - жұмыста;
  1. Аумақтарды абаттандыру бойынша-3, барлық мәселелер шешілді;
  2. Коммуналдық сипаттағы мәселелер-2, (жұмыста) оның ішінде:

Тұздыбастау қосалқы станциясын қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде, аяқталу мерзімі- 2022 жылдың қарашасы, электр бағанасын ауыстыру бойынша түсініктемелер берілді. Сапасыз салынған сумен жабдықтау құбырлары мәселесі құзыреті бойынша ЭИДБ-на(Энерготиімділік және инфрақұрылымдылық даму басқармасы) жолданды.

Әкімнің Әлмерек шағын аудан тұрғындары алдындағы көшпелі есеп беру кездесуі 2022 жылдың 25 наурызында №195 ЖББМ мәжіліс залында өтті. Барлығы 17 сұрақ түсті, оның ішінде:

  1. Қоғамдық көлік жұмысы және жол белгілерін орнату бойынша-2 сұрақ құзыреттері бойынша ҚМБ-на жолданған (түсініктеме берілді-1, жұмыста-1 сұрақ);
  2. Аумақтарды абаттандыру бойынша-2, оның ішінде: 1 сұрақ шешілді (Щелковская көшесін жөндеу), 1 сұрақ ҚМБ-на (көпірді кеңейту) қайта бағытталды;
  3. Коммуналдық сипатта-5, оның ішінде: 2 сұрақ жұмыста (су бойынша және электрмен жабдықтау), 1сұраққа түсініктеме берілді, 2 сұраққа құзыреті бойынша қайта бағытталды (Алматы қ. ЖҚБ және ТЖ);
  1. Кәсіпкерлік қызмет бойынша-5 сұрақ, оның ішінде 3 сұрақ шешілді (қаңғыбас жануарларды аулау, "Казферросталь" ЖШС қызметі, баға мониторингі), супермаркет пен дәріхананы ашуға-1, жұмыста-1 түсініктеме берілді (интернет өткізу, аяқталу мерзімі: 2022ж.мамыр);
  2. Денсаулық сақтау бойынша -2, мәселелер шешілді (О.Денисованың анасының мүгедектігі рәсімдеу сатысында), ФАП кадр тұрақтамаушылық мәселесі толық шешілді;
  3. Үйлерді нөмірлеу бойынша -1, түсініктеме берілді.

 

Аппарат басшысы                                                             Б.Мәнізоров

 

 

Дата публикации
19 апреля 2022