2022 жылғы 1 тоқсан үшін әлеуметтік сала бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2022 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 827 Жарлығына және «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 наурыздан бастап әлеуметтік сала бөлімімен 2 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2022 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейінгі кезең үшін әлеуметтік сала бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратауданда 68 өтінім қаралды, оның ішінде:

  • «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметі бойынша – 62, оның ішінде: 32 оң жауап, 30 өтініш бойынша бас тарту (оның ішінде  2022 жылғы 07 наурызда Жарлықтың заңды күшіне енуіне байланысты 19 бас тарту; мәртебесі дұрыс көрсетілмеген – 3 адам; ауданның қорғаныс істері жөніндегі басқармасына әскери есепте тұрмайды – 4 адам; 2 бұрын орын алды; ҚР аумағынан тыс жерде оқиды – 1 адам; кәмелеттік жасқа толмаған –  1 адам);
  • «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызмет бойынша – 6, оның ішінде: 1 оң жауап, 5 өтініш бойынша бас тарту (оның ішінде мемлекеттік қызметті дұрыс таңдамаған  – 3 адам;2022 жылғы 7 наурыздағы Жарлықтың заңды күшіне енуіне байланысты 1 бас тартылды; мемлекеттік қызметті дұрыс көрсетпеген – 1 адам).

Көрсетілген кезеңде кешіктірулер жоқ.

Бұл жұмыс жүргізілуде және тұрақты бақылауда.

 

Дата публикации
05 апреля 2022