Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2021 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі аналитикалық анықтама

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары,  Қазақстан Республикасының әділет Министрінің 28.05.2020 жылғы бекітілген № 64  бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

 Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1. А.Керимбекова,2. Ж.Ерікқызы, 3. Ж.Шабарова, 4. М.Азизова, 5. М.Магомедова,  6. Малгаждарова Т.

Мұрағаттық қор-1934 кітап, нөмерлері 1964 дейін. 75 жыл аса сақтау мерзіміне сәйкес  №100 дейін  кітап  мемлекеттік мұрағатына тапсырылды. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2021 жылдың кітаптары тігіліп, тізім жасалған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанында -2754 акт жазбалары тіркелінген.

2022 жылдың 1 тоқсанында- 2633 акт жазбасы тіркелінген. 2022 жыл мен 2021 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 4,3 пайызға көбейді.

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу-1265 акт жазба.

2021 жылдың 1 тоқсанында-1384. Салыстырсақ, 8,5 пайызға  кеміген.

Қайтыс болуды тіркеу -637, 2021 жылдың 1 тоқсанында- 590.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда-7,3 пайызға өсті.

Неке қиюды тіркеу- 550 акт жазбасы, ал 2021 жылдың 1 тоқсанында-593. Салыстыра келе, 7,2 пайызға кеміді.

Неке бұзуды тіркеу- 2022 жылы 1 тоқсанында- 99 акт жазба, 2021 жылы 1 тоқсанында- 91,өткен жылмен салыстырғанда, 1 пайызға өскен.

2022 жылы 1 тоқсанында тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы - 68 акт жазба тіркелінген. 2021 жылы- 80, осы көрсеткіштерді салыстыра келе- 15 пайызға кеміген.

Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2022 жылдың 1 тоқсанында- 5 млн. 482 мың 645 теңге 50 тиын мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2021 жылы 1 тоқсанында- 5 млн. 703 мың. 271 теңге 8 тиын, 3 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау кеміген.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету  2022 жылдың 1 тоқсанында- 5281. Оның ішінде:

Электронды үкімет арқылы-1465,

Мемлекеттік корпорация арқылы-2857,

Тікелей мемлекеттік арқылы-959.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ  бөлімі  мемлекеттік қызмет көрсету  2021 жылдың 1 тоқсанында- 5557 орындалған. Оның ішінде:

Электронды үкімет арқылы-3778,

Мемлекеттік корпорация арқылы-1039,

Тікелей мемлекеттік арқылы-740.

Мемлекеттік қызмет көрсету  жалпы  салыстырмалы жылға қарағанда 4,9 пайызға кеміген.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша анализ, қаңтар оқиғасына байланысты өтініштер көлемінің азайюын көруге болады. Қазіргі сәтте, өтініштердің электронды түрде түсуіне кедергі (электронды Үкімет арқылы) интернетте ақаулықтар болуына байланысты.

Алматы қаласы әкім аппаратының 2022 жылы 1 тоқсанына арналған жұмыс жоспары толық түрде орындалды. Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерімен электронды өтініштердің көлемдерін арттыру мақсатында 2 рет  жиналыс өткізілді, (2022 жыл қаңтар, 2022 жыл наурыз) әкім аппаратының сайтына жарияланды.

2022 жылы 10 наурызда Отбасы күніне арналған аз.Александр мен Валентина Кузововтардың алтын мерейтойлары салтанатты түрде аталып өтті. (әкім аппаратының сайтында және АХАТ бөлімінің иснтаграмында жарық көрді).

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет агенствасының және цифрландыру басқармасының тапсырмасын орындау мақсатында 30.03.2022 жылы АХАТ бөлімінің басшысы мемлекеттік корпарациясының қызметкерлерімен, мемлекеттік қызмет көрсету барысында өтініш қабылдау кезінде қателіктер жібермеуге лекция-оқыту өтті. (әкім аппаратының сайтында және АХАТ бөлімінің иснтаграмында жарық көрді).

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша кәмелетке толмағандар істері бойынша ведомствоаралық комиссия мүшелігі ретінде әрқашан отырыстарына қатысамыз. 2022 жылы 1 тоқсанында 5 отырыс 20 сұрақ бойынша өткізілді.

2022 жылы 1 тоқсанында аудан Әкімінің сенімхаты негізінде 5 сот процессіне 3-жақ ретінде түсініктемемен және мұрағат құжаттарымен қатыстық.

 

АХАТ бөлімі басшысы                                                    Ж.Дюсембаева

 

 

Дата публикации
05 апреля 2022