2021 жылға Әлеуметтік сала бөлімінің көрсеткен мемлекеттік қызметтері туралы Ақпарат

«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 503 Жарлығына және «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 наурыздан бастап әлеуметтік сала бөлімімен 2 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде.

2021 жылғы үшін әлеуметтік сала бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратауданда 488 өтінім қаралды, оның ішінде:

  • «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметі бойынша – 361, оның ішінде: 276 оң жауап, 85 өтініш бойынша бас тарту;
  • «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызмет бойынша – 219, оның ішінде: 182 оң жауап, 37 өтініш бойынша бас тарту.

Бұл жұмыс жүргізілуде және тұрақты бақылауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 марта 2022