«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 03 шілдедегі № 228-V Заңының 8-бабының 3, 24-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген спорттық атақтар, дәрежелер мен біліктілік санаттарын тағайындау қағидаларының тармақтарына сәйкес және 2015 жылғы 04 қыркүйектегі №107 аудан әкімінің бұйрығымен Түрксіб ауданы бойынша спорттық атақтарды, дәрежелерді және біліктілік санаттарын тағайындау бойынша аудандық комиссия құрылды.
2021 жылдың 12 айында 13 комиссия отырысы өтті (2020ж – 7 комиссия отырысы).
Барлығы 311 спортшыға спорттық атақтар (2020ж- 55 спортшыға), дәрежелер және біліктілік санаттары тағайындалды:
- көркем гимнастикадан – 217 адам.
- альпинизмнен - 6 адам.
- теннистен - 1 адам.
- черлидингтен - 47 адам.
- үстел теннисінен – 28 адам.
- мәнерлеп сырғанаудан - 2 адам.
- спорттық туризм бойынша – 1 адам.
- көркем гимнастика бойынша – 1 адам.
- таэквондодан «Екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушы» -1 адам.
- көркем гимнастикадан «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы» – 1 адам.
- көркем гимнастика бойынша спорт төрешісі – 4 адам.
- оқ ату бойынша спорт төрешісі – 2 адам.
Барлығы:
-Спорттық біліктіліктер– 303 адам (2020ж – 50 адам).
-Біліктілік санаты- 8 адам (2020ж- 5 адам).
Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ арқылы жүзеге асырылады.