Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 28.05.2015 жылғы № 64 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.
Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.С.Ченгельбаева, 5.М.Магомедова, 6.А.Конаева.
Мұрағаттық қор-1875 кітап, №1964 дейн. №89 кітаптап 75 жыл сақталу мерзімі өткендіктен мемлекеттік мұрағатқа өткізілді. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2020 жылдың кітаптары тігіліп, тізім жасалған.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2021 жылдың 2 тоқсанында- 3168 акт жазбалары тіркелінген.
2020 жылдың 2 тоқсанында- 2147 акт жазбасы тіркелінген. 2021 жыл мен 2020 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 47,5 пайызға артқан.
Олардың ішінде:
Тууды тіркеу-1493 акт жазба.
2020 жылдың 2 тоқсанында-1337. Салыстырсақ, 11,7 пайызға артқан.
Қайтыс болуды тіркеу -853, 2020 жылдың 2 тоқсанында-467.
Аналитикалық периодпен салыстырғанда -82,7 пайызға артқан.
Неке қиюды тіркеу- 662 акт жазбасы, ал 2020 жылдың 2 тоқсанында-232. Салыстыра келе, 185,3 пайызға артқан.
Неке бұзуды тіркеу - 2021 жылы 2 тоқсанында- 81 акт жазба, 2020 жылы 2 тоқсанында-43,өткен жылмен салыстырғанда, 88,3 пайызға артқан.
2021 жылы 2 тоқсанында тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -63 акт жазба тіркелінген. 2020 жылы-42, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-50 пайызға өсті.
Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2021 жылдың 2 тоқсанында- 5 млн. 703 мың 697 теңге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2020 жылы 2 тоқсанында - 2 млн. 6 мың. 480 теңге 4 тиын, 184 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.
Мемлекетттік органдардың негізгі көрсеткіші мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы қызмет көрсетуі.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету 2021 жылдың 2 тоқсанында- 5785 орындалған. Оның ішінде:
Электронды үкімет арқылы-1777,
Мемлекеттік корпорация арқылы-3237,
Тікелей мемлекеттік арқылы-771.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету 2020 жылдың 2 тоқсанында- 2948. Оның ішінде:
Электронды үкімет арқылы-1108,
Мемлекеттік корпорация арқылы-1247,
Тікелей мемлекеттік арқылы-593.
Электронды түрде азаматтардың өтініштерін қабылдау 6 пайызға артқан.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2021 жылға белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар түгелімен орындалды. Электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштер көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен бөлім басшысы 2 рет жиналыс өткізді. Алматы қаласы әкім аппаратының сайтында 06.04.2021 ж. «Қазақ ұлтжандылына, азаматтығына, ҚР Конституциясына және заңдарына, мемлекеттік нышандарына деген құрметті қалыптастыру және жетілдіру» атты мақала жарық көрді. Алматы қаласы Әділет департаментіне мемлекеттік қызмет көрсету барысында электронды өтініштерді арттыру мақсатында ұсыныс жолданды.
Алматы қаласы әкім аппартының басшысы Т.Сарсенбаевтың қатысуымен АХАТ бөлімдерінің 100 жылдығына орай салтанатты жиналыс өтіп, бөлім басшысына мақтау қағаздары табысталды.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімінің басшысы Дюсембаева Ж.А. 2020 жылдың жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар электронды Үкімет порталы жайлы мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне жиналыстар мен жиындар өткізді.
ҚР халықтарының Бірлігі күніне орай, бөлімнің бас маманы М.Хайруллаевамен Алматы қаласы кәмелекетке толмағандар бейімдеу орталығының балаларына туу туралы куәліктері салтанатты түрде табысталды.
Алматы қалалық соттарының ұйымдастыруымен, екі жақты келісім бойынша неке бұзуды тіркеу барысында туындайтын мәселелерге қатысты дөңгелек столдар өткізілді.
АХАТ бөлімі басшысы Ж.Дюсембаева