Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды сыртқы талдау мен бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жұмыс жоспарын іске асыру, "Нұр Отан"партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау, Түрксіб ауданы әкімі аппаратының 2021 жылдың қорытындысы бойынша 2019-2021 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы ақпарат.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Түрксіб ауданы әкімінің аппаратымен бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың басынан бастап аппаратта қызметкерлері арасында жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізудің жеке жоспары бекітілді. Осы жоспар бойынша Қазақстан Республикасының енгізілген заңнамалық актілері оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының нормалары бойынша семинарлар, түсіндірмелер, өткізіледі.

Өткізілген семинарларда аппарат қызметкерлері проблемалық мәселелер бойынша пікір алмасады, күрделі мәселелерді қарау мерзімдерін нақтылап, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимыл әдістерін қарайды.

Сонымен қатар, әр жылдың басында мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының декларацияны тапсыру мәселелері бойынша салық органдарының өкілдерін шақыра отырып, семинар өткізіледі.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік» кодексі күшіне енді. Аталған Кодекстің нормаларын түсіндіру мақсатында ауданның барлық мемлекеттік органдарында семинар-кеңестер өткізілді.

Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қаржы - шаруашылық бөлімі жыл сайын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын аудан әкімі аппаратының Интернет-ресурсында орналастырады. (www.gov.kz).

Аудан бюджетінің ашықтығы үшін ай сайын бюджет қаражатын жоспарлау және игеру туралы мәліметтер интернет-ресурста орналастырылады.

«Өзіңнен баста» акциясы аясында «Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ басшы құрамының табыстары туралы мәліметтер аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланды.

Аудан азаматтары үшін Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі тұрақты түрде онлайн форматта мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Әкім және оның орынбасарлары, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының басшысы онлайн-форматта азаматтарды қабылдау үшін арнайы сағаттар мен күндерді белгіледі. Асылайша аз уақыт жұмсай отырып, азаматтар барлық сұрақтар бойынша жауаптарды онлайн режимінде ала алады.

Жыл сайын отбасы күні аудан әкімінің аппаратымен мемлекеттік қызметшілердің туыстары үшін Ашық есік күні өткізіледі. «Мемлекеттік қызметші күнін» мерекелеу қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарын нығайту және ынталандыру мақсатында ерекше көзге түскен мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына аудан әкімінің атынан алғыс хаттар тапсырылады.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл ай сайын сыйлықтар алуға тыйым салу, Қазақстан Республикасының Әдеп Кодексі мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтау жөнінде әңгімелесулер өткізеді.

2020 жылдың 19 тамызынан бастап «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түрксіб ауданы әкімі аппаратының ғимаратында «Түрксіб-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Жобаның мақсаты халық үшін қолайлы орта құру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жұмыстың жеделдігін, ашықтығын арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету болып табылады. Жұмыс бір терезе қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Мұнда барлық сұрақтар бойынша кеңес алуға болады.

Кеңсе бейнебақылау камерасымен, қажетті құрал-жабдықтармен,  сондай-ақ ұйымдастыру техникасымен жабдықталған. Аудан әкімінің өкімімен кеңсе жұмысына жауапты тұлға анықталды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша фронт-кеңсеге 2551 тұрғын хабарласты, 600-ден астам қоңырау келіп түсті, оларға мамандармен тиісті түсініктемелер берілді, соның ішінде әкім қалалық басқармалардың өкілдерімен бірлесіп шағын аудандар тұрғындарымен 67 көшпелі кездесу өткізді (900-ден астам адам қамтылды), нәтижесінде 592 хаттамалық тапсырмалар берілді, олар аудан әкімінің хаттамасына сәйкес құзыретті органдармен бірлесіп пысықталуда. Осы кездесулер барысында тұрғындар ауданда жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған жұмыстар туралы хабардар етіледі.

Сондай-ақ, жыл басынан бері әкім азаматтармен 31 жеке қабылдау жүргізді, оның барысында 142 түрлі мәселелер бойынша 90 азамат қабылданды: коммуналдық шаруашылық мәселелері – 53 және абаттандыру – 23, Әлеуметтік сала-21, тұрғын үй-17, құқықтық – 7 Кәсіпкерлік қызмет – 10, мәдениет және спорт-7 және басқалар-4. Әкімнің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша – 5 (38%), 77 (54%) мәселе оң шешімін тапты, 11 мәселе бойынша түсініктемелер берілді, бас тартылды-0.

Әлеуметтік желілер (Инстаграм, фейсбук, Whatsapp) арқылы 9416 өтініш түсті, оның ішінде 870 өтініш аудан әкімінің веб-сайтына түсті. Барлық өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралды. Мерзімі өткен өтініштер анықталған жоқ.

Бұдан басқа, әкім аппараты сыбайлас жемқорлықтың үздіксіз және кедергісіз алдын алуды жүргізуге, сондай-ақ халықпен on-line форматында тікелей байланыс орнатуға бағытталған «Antikor Live» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі аппаратының «Instagram» ресми парақшасының тікелей эфирінде аудан әкімінің орынбасарлары, аудан қызметтерінің басшылары, әкім аппаратының бөлім басшылары тоқсан сайын жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша да баяндайды, сондай-ақ тұрғындардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап береді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша 12 тікелей эфир өткізілді. Осы кездесулерді өткізу туралы ақпарат «akimat_turksib Instagram» -аккаунты арқылы жарияланады, сондай-ақ басқа да әлеуметтік желілерде жарияланады.

Тікелей эфир барысында әкім тұрғындарды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап береді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 15 сәуір мен 17 мамыр аралығында 2021 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша аудан әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Оның барысында әкімдік қызметкерлерінің барлық құжаттары мен жұмыс тәртібі талданып, нәтижесінде ешқандай қауіп анықталған жоқ.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп «Адал көмек», «Antikor. Live» бағдарламасын іске асырылады, оның мақсаты халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін құқықтық көмек көрсету болып табылады. Жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат аудан әкімінің Интернет-ресурсында және Instagram аккаунтында орналастырылады.

2021 жылғы 21 қаңтардағы «Адалдық алаңы» кеңсесінің жоба кураторы Е.Ж.Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен, хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Түрксіб ауданы әкімінің аппаратында тиісті жұмыстар жүргізілді. Хаттамалық тапсырманың орындалуы туралы ақпарат Жоғары тұрған ұйымға (Алматы қаласының әкімдігіне) берілді.

Аппарат қызметкерлерінің құқықтық деңгейін арттыру мақсатында ҚР заңнамасының нормаларына енгізілген өзгерістер бойынша 5 семинар, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті өкілдерінің қатысуымен 3 іс-шара өткізілді.

Сонымен қатар, аудан әкімі онлайн режимде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша аудан қызметтерінің басшыларымен (ауданның ТЖ басқармасы, ХҚКО, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық медициналық бірлестігі, білім бөлімі, полиция басқармасы) бірқатар іс-шаралар өткізді. Осы кеңестер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері тыңдалды және оларды күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде өзара іс-қимылды жандандыру мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Оның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын нығайту, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен дүниетанымды қалыптастыру және нығайту болып табылады.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және аудан әкімінің бақылауында.

мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы                   Р.Исламова

Дата публикации
16 февраля 2022