Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 28.05.2015 жылғы № 215 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.
Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.Т.Малгаждарова, 5.М.Магомедова, 6. М.Азизова
Мұрағаттық қор-2013 кітап. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2021 жылдың кітаптары тігіліп, тізім жасалған.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2021 жылдың - 12 708 акт жазбалары тіркелінген.
2020 жылда – 10 599 акт жазбасы тіркелінген. 2021 жыл мен 2020 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 19,8 пайызға артқан.
Олардың ішінде:
Тууды тіркеу-5 860 акт жазба.
2020 жылда – 5 436. Салыстырсақ, 7,8 пайызға артқан.
Қайтыс болуды тіркеу -3 359 ат жазба, 2020 жылдың санасы- 2 154.
Аналитикалық периодпен салыстырғанда -56 пайызға артқан.
Неке қиюды тіркеу- 2 753 акт жазбасы, ал 2020 жылда – 2 145. Салыстыра келе, 28,3 пайызға артқан.
Неке бұзуды тіркеу - 2021 жылы - 370 акт жазба, 2020 жылы - 408, өткен жылмен салыстырғанда, 28,3 пайызға артқан.
2021 жылы тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы – 306 акт жазба тіркелінген. 2020 жылы- 238, осы көрсеткіштерді салыстыра келе- 9,3 пайызға өсті.
Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2021 жылдың - 23 млн. 616 мың 161 теңге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2020 жылы - 16 млн. 700 мың. 650 теңге, 41.4 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.
Мемлекеттік органдардың негізгі көрсеткіші мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы қызмет көрсетуі.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету 2021 жылда – 23 772 көрсетілген. Оның ішінде:
Электронды үкімет арқылы- 13 295,
Мемлекеттік корпорация арқылы- 6 973,
Тікелей мемлекеттік арқылы- 3 504.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету 2020 жылда – 17 316. Оның ішінде:
Электронды үкімет арқылы- 10 085,
Мемлекеттік корпорация арқылы- 6 973,
Тікелей мемлекеттік арқылы- 2 751.
Азаматтардың өтініштерін қабылдау 37,3 пайызға артқан.
Электронды үкімет арқылы- 32 пайызға,
Мемлекеттік корпорация арқылы- 56 пайызға,
Тікелей мемлекеттік арқылы- 27 пайызға.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімінің жоспары бойынша алдын алу іс-шаралар 2021 жылдың жоспарына сәйкес өткізілді.
АХАТ бөлімінің басшысымен электронды Үкімет порталы жайлы мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне жиналыс өткізді.
Алматы қалалық сотында 19 наурыз 2021 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімінінің басшысымен неке-отбасы шарты туралы лекция өткізілді.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2021 жылға белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар түгелімен орындалды. Электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштер көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен бөлім басшысы 2 рет жиналыс өткізді. Алматы қаласы әкім аппаратының сайтында 06.04.2021 ж. «Қазақ ұлтжандылына, азаматтығына, ҚР Конституциясына және заңдарына, мемлекеттік нышандарына деген құрметті қалыптастыру және жетілдіру» атты мақала жарық көрді. Алматы қаласы Әділет департаментіне мемлекеттік қызмет көрсету барысында электронды өтініштерді арттыру мақсатында ұсыныс жолданды.
Алматы қаласы әкім аппартының басшысы Т.Сарсенбаевтың қатысуымен АХАТ бөлімдерінің 100 жылдығына орай салтанатты жиналыс өтіп, бөлім басшысына мақтау қағаздары табысталды.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімінің басшысы Дюсембаева Ж.А. 2020 жылдың жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар электронды Үкімет порталы жайлы мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне жиналыстар мен жиындар өткізді.
ҚР халықтарының Бірлігі күніне орай, бөлімнің бас маманы М.Хайруллаевамен Алматы қаласы кәмелекетке толмағандар бейімдеу орталығының балаларына туу туралы куәліктері салтанатты түрде табысталды.
Алматы қалалық соттарының ұйымдастыруымен, екі жақты келісім бойынша неке бұзуды тіркеу барысында туындайтын мәселелерге қатысты дөңгелек столдар өткізілді.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2021 жылға белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар түгелімен орындалды. Электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштер көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен бөлім басшысы 2 рет жиналыс өткізді.
09.09.2021 жылы - «Время» республикалық газетінде мақала шықты.
16.09.2021 жылы Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында «2021 жылдың 9 айындағы неке бұзуды тіркеудің талдау» атты дөңгелек үстел өтті.
17.09.2021 жылы халықаралық конфепенцияда «Диалогты алаң. Неке бұзу кезіндегі медиация институты. Отбасы жанжалдары және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу іс-шаралары» атты лекция өткізілді.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2022 жылға белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар түгелімен орындалды. Электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштер көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен бөлім басшысы 4 рет жиналыс өткізді.
26.10.2021 жылы – Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің сайтында электронды үкімет порталымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.
23.12.2021 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігінде «Мемлекеттік гендерлік саясаты» атты дөңгелек үстелде доклад өтті.
30.12.2021 жылы-ЛА 155/13 түзету мекемесінде Абдуллаева К.К. заңгерімен зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы іс-шара өтті.
АХАТ бөлімінде әрдайым электронды үкімет порталы туралы видеоматериалдар көрсетіледі.
2021 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі 26 сот процесстеріне қатысты ұшінші жақ ретінде.
Қазақстан Республикасының Тіркеу Пункті «Азаматтық хал актілер тіркеу» базасында 1000 талдан жоғары акт жазбалары түзетілген.
АХАТ бөлімі басшысы Ж.Дюсембаева