АХАТ бөлімінің 2021 жылдың 4 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі аналитикалық анықтама

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 28.05.2015 жылғы № 64 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.Т.Малгаждарова, 5.М.Магомедова, 6. М.Азизова

Мұрағаттық қор-2002 кітап, №1964 дейн. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2021 жылдың 8 айының кітаптары тігіліп, тізім жасалған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2021 жылдың 3 тоқсанында- 3718 акт жазбалары тіркелінген.

2021 жылдың 4 тоқсанында- 3070 акт жазбасы тіркелінген. 2021 жыл мен 2020 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 11 пайызға артқан.

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу-1391 акт жазба.

2020 жылдың 4 тоқсанында-1456. Салыстырсақ, 4,5 пайызға  кеміген.

Қайтыс болуды тіркеу -752, 2020 жылдың 4 тоқсанында-411.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда -45 пайызға артқан.

Неке қиюды тіркеу- 716 акт жазбасы, ал 2020 жылдың 4 тоқсанында-695. Салыстыра келе, 3 пайызға кеміген.

Неке бұзуды тіркеу - 2021 жылы 4 тоқсанында- 106 акт жазба, 2020 жылы 4 тоқсанында-98,өткен жылмен салыстырғанда, 1,9 пайызға артқан.

 2021 жылы 4 тоқсанында тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -91акт жазба тіркелінген. 2020 жылы-71, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-22 пайызға өсті.

Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2021 жылдың 4 тоқсанында- 6 млн. 79 мың 978 теңге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2020 жылы 4 тоқсанында - 5 млн. 5 мың. 421 теңге, 17,6 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.

Мемлекеттік органдардың негізгі көрсеткіші мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы қызмет көрсетуі.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ  бөлімі  мемлекеттік қызмет көрсету  2021 жылдың 4 тоқсанында- 5933 көрсетілген. Оның ішінде:

Электронды үкімет арқылы-2113,

Мемлекеттік корпорация арқылы-2866,

Тікелей мемлекеттік арқылы-954.

 Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету  2020 жылдың 4 тоқсанында- 5198. Оның ішінде:

Электронды үкімет арқылы-884,

Мемлекеттік корпорация арқылы-3578,

Тікелей мемлекеттік арқылы-736.

Электронды түрде азаматтардың өтініштерін қабылдау 58 пайызға артқан.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2022 жылға белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар түгелімен орындалды. Электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштер көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен бөлім басшысы 4 рет жиналыс өткізді.

26.10.2021 жылы – Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің сайтында электронды үкімет порталымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.

23.12.2021 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігінде «Мемлекеттік гендерлік саясаты» атты дөңгелек үстелде доклад өтті.

30.12.2021 жылы-ЛА 155/13 түзету мекемесінде Абдуллаева К.К. заңгерімен зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы іс-шара өтті.

АХАТ бөлімінде әрдайым электронды үкімет порталы туралы видеоматериалдар көрсетіледі.

АХАТ бөлімі басшысы                                                      Ж.Дюсембаева                                                              

 

Дата публикации
14 января 2022