Түрксіб ауданының «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша ақпарат

«2020-2021 жылдарға арналған бюджетке қатысу» бағдарламасы аясында 2021 жылы жалпы сомасы 402,4 млн.теңгеге 25 жоба іске асырылды.

2021 жылы аудан тұрғындары 3 659 млн.теңге сомасына 104 ұсыныс енгізді. Сараптамалық комиссияның бағалау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 2 784,9 млн.теңгеге 77 жобалық ұсыныс аудан үшін неғұрлым өзекті және маңызды болып табылатынын айқындау үшін тұрғындардың дауыс беру процесіне жіберілді, 27 жобалық ұсыныс Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Алматыны дамыту бағдарламасына сәйкес келмеу себебінен қабылданбады, не коммерциялық сипатта болды немесе әкімдіктің құзыреті шегінен шығып кетті.

«Open Almaty» сайтында ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 1 779,1 млн.теңгеге 53 жоба анықталды, олар бюджет комиссиясының қарауына ұсынылды, оның нәтижесі бойынша 2022 жылы іске асыруға 799,8 млн. теңге сомаға 28 жоба қабылданды.

Дата публикации
15 декабря 2021