Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының АХАТ бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

  1. «Баланың тууын мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу» туралы мемлекеттік қызметті электронды үкімет порталы арқылы алса болады, әкелікті анықтау туралы қызметті алу үшін тікелей АХАТ бөліміне жүгіну керек.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі-тууды тіркеу туралы куәлікті алу немесе АХАТ бөлімінің дәлелді бас тартуы.

  1. «Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне түзету, толықтыру, өзгерту енгізу» туралы мемлекеттік қызмет, қызметті электронды үкімет арқылы алуға болады немесе ҚР резидент емес азаматтар, кәмелет жасына толмағандар, бас бостандығынан айырылған азаматтар тікелей АХАТ бөлімі арқылы ала алады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі-неке қиюды тіркеу туралы куәлікті алу немесе АХАТ бөлімінің дәлелді бас тартуы.

  1. «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркеу, оның ішінде түзету, толықтыру, өзгерту енгізу» туралы мемлекеттік қызметті электронды үкімет арқылы алуға болады немесе ҚР резидент емес азаматтар, кәмелет жасына толмағандар, бас бостандығынан айырылған азаматтар тікелей АХАТ бөлімі арқылы ала алады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі-неке бұзу туралы тіркеу туралы куәлікті алу немесе АХАТ бөлімінің дәлелді бас тартуы.

  1. «Атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу,оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу туралы» мемлекеттік қызметті электронды үкімет арқылы, халыққа қызмет көрсету орталығы немесе тікелей АХАТ бөлімі арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі-атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті алу немесе АХАТ бөлімінің дәлелді бас тартуы.

  1. «Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар, түзетулер енгізу туралы» мемлекеттік қызметті электронды үкімет порталы арқылы, ХҚКО арқылы немесе тікелей АХАТ бөлімі арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі-қайтыс болу туралы анықтама алу немесе АХАТ бөлімінің дәлелді бас тартуы.

  1. «Азаматтық хал акт жазбаларын қалпына келтіру, оның ішінде толықтыру, түзеті, өзгерті енгізу туралы» мемлекеттік қызметті электронды үкімет порталы арқылы, ХҚКО арқылы, тікелей АХАТ бөлімі арқылы алуға болады. Куәлік болған жағдайда немесе сот шешімі арқылы қалпына келтіруді тіркеуге болады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі-қалпына келтірілген туу туралы акт жазбасына сәйкес туу туралы куәлік.

  1. «Азаматтық хал акт жазбаларын жою», мемлекеттік қызмет, электронды үкімет порталы арқылы, ХҚКО арқылы, тікелей АХАТ бөлімі арқылы алуға болады. Акт жазбасын жою қайталанып жасалған акт жазбасы немесе сот шешімі негізінде ғана жойылады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі-акт жазбасының жойылуы.

  1. «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктерді, анықтамаларды беру» мемлекеттік қызмет, электронды үкімет порталы арқылы немесе ХҚКО арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі-қайталама куәлік немесе анықтама алу, АХАТ бөлімінің дәлелді бас тартуы.

 

 

 

Дата публикации
28 октября 2021