2021 жылғы 26 қазандағы жағдайы бойынша әлеуметтік сала бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 503 Жарлығына және «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 605 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 наурыздан бастап әлеуметтік сала бөлімімен 2 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ағымдағы жылғы 01 наурыз бен 26 қазан аралығында ауданда 369 өтінім қаралды, оның ішінде:

  • «Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік қызметі бойынша – 239, оның ішінде бас тартылды – 61;
  • «Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату» мемлекеттік қызмет бойынша – 130, оның ішінде бас тартылды – 25.

Бұл жұмыс жүргізілуде және тұрақты бақылауда.

Дата публикации
28 октября 2021