Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша спорттық атақтар, дәрежелер және біліктілік санаттары тағайындау туралы мәлімет

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 03 шілдедегі № 228-V Заңының 8-бабының 3, 24-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген  спорттық атақтар, дәрежелер мен біліктілік санаттарын тағайындау қағидаларының тармақтарына сәйкес және 2015 жылғы 04 қыркүйектегі №107 аудан әкімінің бұйрығымен Түрксіб ауданы бойынша спорттық атақтарды, дәрежелерді және біліктілік санаттарын тағайындау бойынша аудандық комиссия құрылды.

2021 жылдың 10 айында 13 комиссия отырысы өтті.

Барлығы 311 спортшыға спорттық атақтар, дәрежелер және біліктілік санаттары тағайындалды:

- көркем гимнастикадан – 217 адам.

- альпинизмнен - 6 адам.

- теннистен - 1 адам.

- черлидингтен - 47 адам.

- үстел теннисінен – 28 адам.

- мәнерлеп сырғанаудан - 2 адам.

- спорттық туризм бойынша – 1 адам.

- көркем гимнастика бойынша – 1 адам.

- таэквондодан «Екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі жаттықтырушы» -1 адам.

- көркем гимнастикадан «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы» – 1 адам.

- көркем гимнастика бойынша спорт төрешісі – 4 адам.

- оқ ату бойынша спорт төрешісі – 2 адам.

 

 

Дата публикации
26 октября 2021