08 қазан 2021 ж Алматы қаласы
Өткізілген орны: Халыққа қызмет көрсету бойынша Түрксіб аудандық бөлімінің залы (Р.Зорге к-ші, 9)
Жиналыс төрайымы: Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппараты АХАТ бөлімінің менгерушісі Ж.А.Дюсембаева
Қатысқандар:
1.Түрксіб аудандық бөлім басшысының орынбасары А.Д.Әкімбек
3, Наставнитер – Г.Батыршаева, Г.Мошанова, Г.Булекпаева, П.Алимбетова, А.Утегенова, А.Танабаева, Р.Балтабаева, Р.Калуов
Күн тәртібі:
Күн тәртібі бойынша Ж.А.Дюсембаева: Сәлеметсіздер ме, Құрметті қызметкерлер!
Бүгінде электронды үкіметтің проактивті принципін іске асыруға қажетті материалық-техникалық база бар. Ендігі кезекте, мемлекеттік қызметті алуға халық емес, мемлекеттің өзі бастамашы болуы тиіс. Аталған бастама қалайша іске асады? Осы орайда қайтыс болғаны туралы анықтаманы мысал ретінде келтіруге болады.
Қайтыс болғаны туралы анықтаманы онлайн алуға болады. eGov.kz порталдан Жақындарынан айырылған қазақстандықтар eGov.kz порталдан қайтыс болғаны туралы анықтаманы ала алады. Осы қызмет іске қосылумен қайтыс болу және перинаталдық өлім туралы медициналық куәлікті, сондай-ақ қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті міндетті түрде ұсыну бөлігіндегі талаптар алып тасталады. Анықтама алу үшін қайтыс болған адамның ЖСН енгізу жеткілікті.
Бұрын, көп уақытты алатын бірнеше ұйымға бару қажет еді. Бұл анықтама жерлеу, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау, қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарын алу және мұраны ресімдеу кезінде ұсыну үшін қажет. Енді оны онлайн режимінде алуға болады.
ЕGOV.KZ порталында «Отбасы» бөлімінде «Отбасы жағдайы» бөлімшесін тауып, «Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама» қызметін таңдап, оған тапсырыс беріп, ЭЦҚ-мен қол қою қажет.
Оның нәтижесімен eGov.kz порталдағы пайдаланушының жеке кабинетінде танысуға болады. Бас тартудың себебі дұрыс толтырылмаған деректер немесе қайтыс болу туралы акт жазбасының болмауы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, деректерді тексеріп, қызметке қайта тапсырыс беруіңіз керек. Ал екінші жағдайда - уәкілетті мемлекеттік органға хабарласыңыз. Аталған қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы қолжетімді. Ал барлық деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады.
Алдығы уақытта, бөлім қызметкерлері тууды тіркеу проактивтік мемлекеттік қызметі бойынша ақпараттық буклеттерін қызмет алушылар арасында кеңінен таратуы қажет.
Жиналыс төрайымы: Алматы қаласы
Түрксіб ауданы әкімі аппараты
АХАТ бөлімінің менгерушісі Ж.А.Дюсембаева
Хатшысы Р.Балтабаева