Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 28.05.2015 жылғы № 64 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.
Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.Т.Малгаждарова, 5.М.Магомедова, 6.А.Конаева.
Мұрағаттық қор-2002 кітап, №1964 дейн. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2021 жылдың 8 айының кітаптары тігіліп, тізім жасалған.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2021 жылдың 3 тоқсанында- 3718 акт жазбалары тіркелінген.
2020 жылдың 3 тоқсанында- 3130 акт жазбасы тіркелінген. 2021 жыл мен 2020 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 19 пайызға артқан.
Олардың ішінде:
Тууды тіркеу-1592 акт жазба.
2020 жылдың 3 тоқсанында-1474. Салыстырсақ, 7,4 пайызға артқан.
Қайтыс болуды тіркеу -1164, 2020 жылдың 3 тоқсанында-803.
Аналитикалық периодпен салыстырғанда -31 пайызға артқан.
Неке қиюды тіркеу- 691 акт жазбасы, ал 2020 жылдың 3 тоқсанында-792. Салыстыра келе, 12,7 пайызға кеміген.
Неке бұзуды тіркеу - 2021 жылы 3 тоқсанында- 92 акт жазба, 2020 жылы 3 тоқсанында-74,өткен жылмен салыстырғанда, 19,5 пайызға артқан.
2021 жылы 3 тоқсанында тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -72 акт жазба тіркелінген. 2020 жылы-69, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-4 пайызға өсті.
Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2021 жылдың 3 тоқсанында- 6 млн. 135 мың 60 теңге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2020 жылы 3 тоқсанында - 4 млн. 963 мың. 217 теңге, 19 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.
Мемлекеттік органдардың негізгі көрсеткіші мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы қызмет көрсетуі.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету 2021 жылдың 3 тоқсанында- 6497 көрсетілген. Оның ішінде:
Электронды үкімет арқылы-2159,
Мемлекеттік корпорация арқылы-3299,
Тікелей мемлекеттік арқылы-1032.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету 2020 жылдың 3 тоқсанында- 5019. Оның ішінде:
Электронды үкімет арқылы-1068,
Мемлекеттік корпорация арқылы-3169,
Тікелей мемлекеттік арқылы-782.
Электронды түрде азаматтардың өтініштерін қабылдау 50,5 пайызға артқан.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2021 жылға белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар түгелімен орындалды. Электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініштер көлемін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен бөлім басшысы 2 рет жиналыс өткізді.
09.09.2021 жылы - «Время» республикалық газетінде мақала шықты.
16.09.2021 жылы Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында «2021 жылдың 9 айындағы неке бұзуды тіркеудің талдау» атты дөңгелек үстел өтті.
17.09.2021 жылы халықаралық конфепенцияда «Диалогты алаң. Неке бұзу кезіндегі медиация институты. Отбасы жанжалдары және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу іс-шаралары» атты лекция өткізілді.
АХАТ бөлімі басшысы Ж.Дюсембаева