Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2021 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі аналитикалық анықтама

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидалары,  Қазақстан Республикасының әділет Министрінің 28.05.2020 жылғы бекітілген № 64  бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

 Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1. А.Керимбекова,                       2. Ж.Ерікқызы, 3. Ж.Шабарова, 4. С.Ченгельбаева, 5. М.Магомедова,              6. А.Конаева.

 

Мұрағаттық қор-1875 кітап, нөмерлері 1964 дейін. 75 жыл аса сақтау мерзіміне сәйкес  89  кітап  мемлекеттік мұрағатына тапсырылды. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2019 жылдың кітаптары тігіліп, тізім жасалған.

 

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2021 жылдың 1 тоқсанында -2754 акт жазбалары тіркелінген.

 

2020 жылдың 1 тоқсанында- 2754 акт жазбасы тіркелінген. 2021 жыл мен 2020 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 6,74 пайызға көбейді.

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу-1384 акт жазба.

2020 жылдың 1 тоқсанында-1171. Салыстырсақ, 18,2 пайызға  өсті.

       

Қайтыс болуды тіркеу -590, 2020 жылдың 1 тоқсанында- 470.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда-20,3 пайызға өсті.

         

Неке қиюды тіркеу- 593 акт жазбасы, ал 2020 жылдың 1 тоқсанында-527. Салыстыра келе, 11,1 пайызға өсті.

       

Неке бұзуды тіркеу- 2021 жылы 1 тоқсанында- 91 акт жазба, 2020 жылы 1 тоқсанында- 193,өткен жылмен салыстырғанда, 52,8 пайызға кеміген.

     

          2021 жылы 1 тоқсанында тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы - 80 акт жазба тіркелінген. 2020 жылы- 56, осы көрсеткіштерді салыстыра келе- 30 пайызға өсті.

      

 Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2021 жылдың 1 тоқсанында- 5 млн. 703 мың 260,8 теңге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2020 жылы 1 тоқсанында- 4 млн. 725 мың. 532 теңге, 17,14 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.

 

Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету  2021 жылдың 1 тоқсанында- 5557. Оның ішінде:

Электронды үкімет арқылы-1039,

Мемлекеттік корпорация арқылы-3778,

Тікелей мемлекеттік арқылы-740.

 

Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ  бөлімі  мемлекеттік қызмет көрсету  2020 жылдың 1 тоқсанында- 4151 орындалған. Оның ішінде:

Электронды үкімет арқылы-1420,

Мемлекеттік корпорация арқылы-2091,

Тікелей мемлекеттік арқылы-640.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету  жалпы  салыстырмалы жылға қарағанда 33,9 пайызға өсті.

 

Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімінің  жоспары бойынша алдын алу іс-шаралар 2021 жылдың жоспарына сәйкес  өткізілді.

АХАТ бөлімінің басшысымен  электронды Үкімет порталы жайлы мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне жиналыс  өткізді.

          Алматы қалалық сотында 19 наурыз 2021 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы АХАТ бөлімінінің басшысымен  неке-отбасы шарты туралы  лекция өткізілді.

 

Дата публикации
07 апреля 2021