Түрксіб ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға жоспар

Түрксіб ауданы 1938 жылы құрылған қаладағы ең ескі аудандардың бірі. Ауданның жалпы алаңы 7 546,9 га., халқының саны  244 000- нан астам.     

Ауданда 24 678 жекеменшік және 27 692 пәтерден тұратын 1 185 көппәтерлі тұрғын үй, 7 887 заңды тұлғалар тіркелген, олардың ішінде 7351 ШОБ (шағын орта бизнес) өкілдері, 9-базар, 29 жалпы білім беретін мектеп (2 жекеменшік), 1 жоғары оқу орыны, 6 колледж, 90 мектепке дейінгі блімі беретін мекеме (23 мемлекеттік, 40-жекеменшік және шағын орталықтар), 7 емхана, 6 аурухана (оның ішінде перзентхана), 1 театр,5 кітапхана, 9 спорттық нысандар бар.     

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту бойынша барлық жобалар халықтың әл-ауқатын көтеруге, табысын және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған барлық іс-шаралалар ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыруға негізделеді. 

Ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың маңызды аспектісі өнеркәсіптік өндірістер көлемі және негізгі қорға инвестиция салу  болып табылады.  Пандемияның күрделі жағдайына қарамастан ауданымыз жақсы жетістіктерге жетті.

Өнеркәсіптік өндірістің 12 ай ішіндегі көлемі 215 млрд теңгені (12 ай 2019 жыл 194,4млрд теңге) құрайды.

Негізгі қорға құйылған инвестицияның көлемі 81,5млрд теңге немесе113,2%(12 айда 2019 жыл-68,1 млрд теңге ) құрайды.

104,1 мың шаршы метр тұрғын үй қолданылуға берілді.Былтырғы жылмен салыстырғанда 101% құрап, 96 млрд теңге салық жиналды.Салық жинау  жоспары 107%  орындалды.

2021 жылы 139,1 шаршы метр немесе 42 КҚТҮ(1967 пәтер) қолдануға беріледі деп жоспарлануда, 30 мың шаршы метрден астам ЖТҚ болжамда бар.

«Жұмыспен қамту жол картасы» және «Қатысу бюджеті» бағдарламасын жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын құруға және ауданның көріктендіру жағын жақсартуға мүмкіндік берді.

Түрксіб ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша  23 жоба жүзеге асырылды.    

«Жас Қанат» ықшам ауданындағы саябақты, Соболев, Ақан Сері, Международный көшелеріндегі, «Маяк» ықшам ауданындағы   балалар ойын алаңдарын, «Әлмерек» ықшам ауданындағы және Полесский көшесіндегі спорт алаңын көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.  Арық жүйелеріне, 4 бала-бақшаға, ВАЗ айналма жолына, «Шуақты» ықшам ауданындағы жаяу жүргіншілер жолына, Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер аумағын көріктендіру, 95 аула аумағына күрделі жөндеу және 115 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырудағы әлеуметтік-экономикалның нәтижесі 1 407 жұмыс орынын құру, оның ішінде 704 орын Жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылды.   

«Алматы қалалық Қатысу бюджеті» пилоттық жобасы бойынша 2020 жылы 55,7 млн. теңге сомасында аудан аумағын көріктендіру бойынша 5 жоба жүзеге асырылды.

Оның ішінде:      

4 балалар алаңқайы

Салауат көшесінің бойымен Басқарасу өзені арқылы өтетін баспалдақ салынды.

 «Алматы қалалық Қатысу бюджеті» жобасы бойынша 2021 жылы аудан тұрғындарынан 38 жоба бойынша өтінім берілді, оның ішінде:  аулада және жалпы пайдаланатын орындарда балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу,спорт алаңдарын жабдықтауға – 26 жоба, аумақты көгалдандыру-2 жоба, қоғамдық пайдалану орындарын,жаяу жүргіншілер аумағын және басқа да нысандарды жөндеу,жарықтандыру құруға 9 жоба , аумақты санитарлық тазалауда- тұрмыстық қалдықтарды жинауда-1 жоба.   

Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші  

Ауданның экономикалық даму көрсеткішінің негізі өнеркәсіп өндірісінің көлемі және негізгі капиталға инвестицияны салу болып таблады. Пандемиялық жағдайға қарамастан ауданның көрсеткіштері едәуір болды.   

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 12 айдың ішінде 215  млрд. теңгені құрады (2019 жылдың 12 айында – 184,4 млрд. теңге). ЖКИ – 105,7%.

Негізгі капиталдағы инвестицияның көлемі  – 81,5 млрд. теңге  немесе 113,2 % (2019 жылдың 12 айында  – 68,1 млрд. теңге).

Құрылыс жұмыстарының көлемі – 26,5 млрд. теңге немесе 138 % (2019 жылдың 12 айында  – 16,8  млрд. теңге).

104,1  мың шаршы метрлік тұрғын үй пайдалануға енгізілді (2019 жылдың 12 айында  – 108,7  мың шаршы метр ).

96 млрд. теңге салық жиналды,өсім қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 101% құраған. Салық жинау бойынша жоспар 107% орындалды.     

2021 жылы 139,1 мың. м2 немесе  42 КТҮ (көп қабатты тұрғын үй) (1967 пәтер) пайдалануға енгізу жоспарлануда, ЖТҚ (жеке тұрғын үй құрылысы) болжамы 30 мың м2 –ге жуық.     

Ауданда 9 базар бар, 2 құрылыс («Үміт», «Бахар») және 7 әмбебап («Алтай», «Сапар», «Керуен», «Ақбұлақ», «Мехрениса», «Жетысу-Семиречье», «Түрксіб» жәрмеңкесі).

Сауда орындарына заманауи форматын енгізу аясында 9 базардың 5-уіне жаңарту жұмыстары жүргізілді («Түрксіб» жәрмеңкесі, «Мехрениса», «Жетысу Семиречье», «Үмит», «Бахар»),  Керуен базарын жаңарту жұмыстары аяқталуда.

2022 жылдың соңына дейін  Алтай, Сапар, Ақбұлақ базарларын жаңарту жоспарлануда.  

Кәсіпкерлік қызметін қолдау

Карантин режимін енгізуіне байланысты бизнесті және өнеркәсіпті қолдау үшін мемлекеттік кешендік шаралар әзірленді. Аппарат қызметкерлерімен апта сайын кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік жеңілдікпен несиелеу және қаржылық емес қолдау бағдарламасы бойынша түсінік беру және таныстыру үшін Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының, «Qolday» қолдау орталығы,«Даму» даму қоры, «Атамекен» РПП, «Almaty finance», «Almaty MFO» шағын қаржы ұйымының өкілдерінің қатысуымен кездесулер және семинарлар ұйымдастырылады.        

2020 жылы 6,9 млрд. теңге  сомасына 17 жобаға қолдау шарасы көрсетілді, олардың ішінде:

-«БЖК-2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы190 млн. теңгеге 4 жоба қаржыландырылды («Садыхан» ЖШС,«Федоров» ЖК,  «Almatape production» ЖШС,«Intrade group» ЖШС).

-«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 6,5 млрд. теңгеге 3 жоба («АЗМК» ЖШС,«Оспанов»ЖК, «ЭФКО»ЖШС) қаржыландырылды.   

-«Еңбек – жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 82,1 млн. теңгеге 5 жоба қаржыландырылды.   («Iris spa»ЖШС –екі рет,«Есеева»ЖК, «Lift trade» жШС, «Толеген Мереке»ЖК).

- «Almaty MFO»  шағын қаржы ұйымы арқылы  жалпы сомасы 104,2 млн. теңге болатын  3 жоба қаржыландырылды («МясоЕт» ЖШС- екі рет,«Рамазанова»ЖК,«Алан»ЖК).

- «Almaty MFO»  шағын қаржы ұйымы арқылы жалпы сомасы 65 млн. теңге болатын 2 жоба («АЛВИ+» ЖШС,«Аксен»ЖШС) қаржыландырылды.  

«Almaty finance» шағын қаржылық ұйымдар желісі бойынша 2 жоба жалпы соммасы 65 млн. теңгеге  қаржыландырылды.

Ауданымызда 9 базар, олардың ішінде: 2 құрылыс,7 әмбебап базар бар. 2022 жылдың аяғына дейін Алтай, Сапар, Ақбұлақ базарларын модернизациялау жоспарлануда.

Газбен жабдықтау

2020 жылдың 12 айында газға қосылмаған үйлердің саны 60 %-ке қысқарды. Қалған 350 үйдің 57-сі қосылуға дайын, қосылмай қалған үйлерге ішкі монтаждық жұмыстарын жүргізу және үй құрылысын заңдастыру қажет.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 2020 жылдың басында демеушілік қаржы есебінен 14 үй газ жабдығына қосылды.  

Су жабдығы және кәріз жүйесі

Аудандағы жеке тұрғын үй қоры 24 678 жеке тұрғын үйді құрайды, олардың ішінде 3 843 үй су жабдығының жүйесіне қосылмаған  («Әлмерек», «Жас Қанат»,«Қайрат» ық.ауданы, «Нұршашқан» , «Шуақты» , Закарпатская көшесі). Жалпы 8000 үйді құрайды.  

2020 жылы 2497 үйлер үшін су жабдығы және су бұру желілерін өткізу бойынша жұмыстар жүргізілді.  

Бүгінгі күні сумен жабдықтау желілерінің тозуы 59% (317,08 км) құрайды. 2020 жылы Физули, Огарев, Менжинский көшесі,«Алтай-1» ықшам ауданында 3502 м. су жабдығының құбыры ауыстырылды, желілердің тозуы 57% -ға төмендеді.  

«Жас Қанат», «Шуақты» ы/а, Төменгі Пятилетка аумағында және Закарпатская көшесінің коммуникация құрылысы бойынша ЖСҚ (жобалық сметалық құжат) әзірлеуді аяқтау жоспарлануда.  

Электржабдығы

Ауданға қосылған ықшам аудандарды тұрақты электр жабдығымен қамтамасыз ету үшін «АЖК» АҚ-ның жеке қаржысы есебінен «Нұршашқан», Әлмерек және Қайрат ақшам аудандарына 4 қосалқы станцияларды орнатылды.

Инфрақұрылымды даму және энерготиімділік басқармасымен «Әлмерек», «Қайрат», «Нұршашқан» және «Шуақты» ықшам аудандарындағы электржабдығының жобалық сметалық құжаты әзірленуде. Сараптаманы алудың жоспарланған мерзімі 2021 жылдың шілде айы, әрі қарай ҚМЖ (құрылыстық монтаждау жұмыстары) бюджеттік қаржы бөлуге өтінім берілетін болады.

  

Ескі үйлер  

Алматы қаласының ескі үйлер қорының жартысы Түрксіб ауданында орналасқан- 609 үй (4965 пәтер жалпы алаңы 166 824,6 м²). Ескі үйлердің мәселесін шешу үшін ағымдағы жылы Молдағалиев көшесі Сауранбаев көшесінің қиылысындағы сүруге кететін 4 көпқабатты үйдің 62 меншік иелерін қоныстандыру үшін      пайдалануға үш 5 қабатты КТҮ (көппәтерлі тұрғын үй) беріледі.   

Котельников-Сейфуллин-Кассина-Ақан сері көшелерінің қиылысында 100 меншік иелерін қоныстандыру және тағы әрі қарай   12 үйді бұзып, орнына екі 5 қабатты тұрғын үйді салу құрылысын «Qazaq Stroy»ЖШС жүргізуде.  

Ауланы көріктендіру

Аудандық көп пәтерлі тұрғын үй қорында (1 835 үй), 569 аула бар,

95 аумақ 115 аула күрделі жөндеуден өтті. 119 копқабатты үйлер сырты сырланды.

Жасқанат шағын ауданының тұрғындарынан түскен өтініштер бойынша демеушілер есебінен спорт алаңы,және футбол алаңы, скейт-саяжайы арнайы жабдықтармен экстремалды спорт сабақтары үшін жабдықталды.

2021 жылы 155 аула аумақтарына жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарлануда.

«ТКШ (тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы) жаңғырту» бағдарламасы бойынша 5 КТҮ (көп қабатты тұрғын үй) жөндеуден өтті.  2021 жылы 6 үйді жөндеуден өткізу жоспарлануда.  ПИК есебінен 87 үйдің подъездері, шатыры, инженерлік желінің төсеніші, электрлік қалқандарды жасау жоспарлануда.   

Жолдар

Ауданда ұзындығы 482 км. болатын 486 көше бар, олардың ішінде ұзындығы 50 км. болатын 74 көшенің асфальттық бетон жабындысы жоқ.  

2020 жылы ұзындығы 9,8 км болатын 14 көшеге орташа жөндеу және ұзындығы 12,8 км болатын 10 көше тротуарының құрылысы жүргізілді. 

Майлин көшесі бойынша жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі құрылысының жұмыстары жасалды. 

Тұрғындарды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының қатерін азайту үшін білім және денсаулық нысандарына жақын қауіпті учаскелерді түгендеу жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 2020 жылы 29 мектеп және 7 емханаға жаяу жүргіншілер өткелі, жол белгілері орнатылып, «Зебра» белгісі жасалды. Алматы қаласы қалалық мобилдік басқармамен Нұршашқан, Әлмерек және Қайрат ықшам ауданында ұзындығы  50 км болатын 74 көше құрылысының жобалық-сметалық құжаты әзрленді. Жұмыстың басталуы 2021 жылға жоспарланған.    

2021 жылы Бұхтырма көшесі  және Құлжа тас жолының қиылысындағы айналма көлік жолының құрылысын аяқтау жоспарлануда.

Арық жүйесі

Ауданның ұзындығы 81,5 км болатын 37 көшесіне арық жүйесі тартылды, 146 көшеге 98 км болатын арық жүйесін қосымша тарту қажет.  

2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша ұзындығы 3,5 км 15 мекен-жайдағы жеке үйлерді су басу мәселесі шешілді.     

Қазіргі уақытта Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасымен 61 көшеге 36 км арық жүйесінің құрылысына ЖСҚ (жобалық сметалық құжат) әзірленуде.    

Жарықтандыру  

  Сыртқы жарықтандыру желілерді жаңғырту бағдарламасы бойынша  Жансүгіров көшесі және Қапшағай көпіріне сыртқы жарықтандыру желісі құрылды.   

Қосымша 8 463 шам орнатылған және 338  км. кабель тартылған жерлердегі, оның ішінде «Әлмерек»,«Қайрат» және «Нұршашқан» ықшам ауданындағы 614 жарық жүргізілмеген учаскелерге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Үстіміздегі жылда Лавренева , Бекмаханов, Ақан сері көшелері сонымен қатар 89 жеке жарықтанбаған көшелер бойына жарықтандыру жүргізу жоспарлануда.

Көгалдандыру

Ауданның көгалдандыру қоры 450 мың ағашқа саналған  Алматы қалалық көгалдандыру қорынан  20% құрайды.  

Алматы қаласының әкімі Б.А.Сағынтаевтың Алматы қаласына миллион ағаш көшеттерін отырғызу туралы тапсырмасын орындау аясында Түрксіб ауданында Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп 40 000 ағаш көшеттері отырғызылды.  

Келесі жылға тағы 20 мың ағаш отырғызу жоспарлануда. 

Өзен арнасы.

Аудан аумағы арқылы жалпы ұзындығы 30 км болатын 7 өзен арнасы ағады.  

«Анкор-2005» ЖШС мердігерлік ұйыммен «Жар Бұлақ», Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейін ұзындығы 5 км солтүстік бағытына қарай автомобилдік көпірімен қоса өзені арнасын бекіту және кеңейту жұмыстары жүргізілді.

Білім беру.

Инновациялық технологияның қарқынды даму әлемінде табысты өмір кілті болып табылатын сапалы білім маңызды рөл атқарады.

Аудандағы  29 мектепте (27 мемлекеттік және 2 жекеменшік) 32 442 бала оқиды, оқушы орындарының тапшылығы   1 690 орынды құрайды.

2019 -2020 жылдар аралығында 795 түлектен 615 оқушы ҰБТ тапсырды. 48 түлек (6%) (2019 жылы – 41) үздік оқығаны үшін «Алтын белгi» белгісімен, 58 түлек   үздік аттестатымен     марапатталды. Ауданның 74 мектеп оқушысы ғылыми жобада қалалық жарыстарда жүлдегер атанды.

Пандемияға байланысты барлық білім ұйымдары 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқу форматына көшкен болатын.

Қашықтықтан оқу үшін тұрымысы аз қамтылған отбасылардан 11 749 оқушыға төменде көрсетілген техникалық заттар берілді:    

- өтеусіз негізінде 103 техникалық құрылғы;

-  уақытша пайдалануға 11 646 техникалық құрылғы.

Ағымдағы жылы  250 орындық мемлекеттік №187  балабақша ашылды. «Нұршашқан» ықшам ауданында 600 орындық № 203 заманауи жалпы білім беретін мектеп ашылды. №61жалпы білім беретін  мектептің жанынан 450 орынға кеңейтілді.

Аудан бойынша 4 мемлекеттік балабақшада №117,131,149,185 ЖҚЖК бағдарламасы бойынша жөндеуден өтті және №186 балабақша күрделі жөндеуден өтті.

Бұдан басқа биылғы жылы ашылған білім мекемелері:

-280 орындық №187 мемлекеттік бала-бақша және 25 орындық «АкЕрке»ЖШС (Щелковская көшесі,1) жекеменшік бала-бақша;  

-«Нұршашкан» ықшам ауданында 600 оқушы орындық №203  заманауи жаңа жалпы білім беретін мектеп;

-Л.Толстой көшесі, 20 мекен-жайында 450 орындық №61 жалпы білім беретін мектептің қосымша құрылысы.

«ДКЗ-2020» бағдарламасы бойынша 4 мемлекеттік бала-бақшаға №№ 117, 131, 149, 185 ағымдағы жөндеу және №86 бала бақшаға күрделі жөндеумен бірге сейсмокүшейту жұмыстары жүргізілді.  

2021 жылдың соңына дейін құрылыстарды аяқтау:

-Магнитный көшесі, 31 мекен-жайындағы 280 орындық № 170 жалпы білім беретін мектептің қосымша құрылысы, аяқталу мерзімі– 2021жылдың желтоқсаны;

-Жас Қанат ықшам ауданындағы 280 орындық бала-бақша, аяқталу мерзімі– 2021 жылдың наурыз айы);

- Сейфуллин даңғылы, 50 мекен-жайындағы 590 оқушы орындық  жекеменшік жалпы білім беретін мектеп, аяқталу мерзімі 2021 жылдың тамыз айы;

-«Кайрат» ықшам ауданындағы 1500 оқушы орындық жалпы білім беретін мектеп,  аяқталу мерзімі- 2021 жылдың желтоқсан айы.

Ауданда тұрғындарға сапалы медицинамен қызмет көрсетуде көптеген жұмыстар жүргізілді.  

Ауданда 13 денсаулықсақтау нысаны бар, оның ішінде 7 қалалық емхана және 6 стационарлық. Тіркелген тұрғындардың саны 247 156 адамды құраған.

Денсаулықсақтау нысандарына қадамдық қолжетімділікпен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың 20-шілдесінде «Маяк» ықшам ауданындағы Қапшағай көшесі,46 мекен-жайында ауысымына 20 адам келіп-кететін №32 қалалық емхананың дәрігерлік медициналық пункті ашылды.       

2020 жылдың 15-тамызынан бастап 35 төсек-орындық №4 перзентхананың қосымша корпусы жұмыс істей бастады.

2020 жылдың 11-қыркүйегінде 13 ә/қ, 54 «Б» үйі мекен-жайы бойынша ауысымына 50 адам келіп-кететін дәрігерлік амбулатория ашылды. Дәрігерлік амбулаторияда 3 жалпы дәрігерлік тәжірибе, педиатриялық және ем-шаралық кабинеттері, ЭКГ-аппараты бар кабинет, қызуы көтерілген науқастарды қабылдайтын фильтр және күндізгі стационар ашылған.   

Ағымдағы жылдың 30-қарашасында Дегдар көшесі, 10/2 мекен-жайында 500 төсек-орындық қалалық инфекциялық аурухананың филиалы пайдалануға берілді.

Әлеуметтік қорғау

Короновирустық пандемия кезінде халықты қолдайтын көптеген мемлекеттік шаралар қабылданды, атап айтатын болсақ жаңа форматтағы АӘК (атаулы әлеуметтік көмек), көп балалы отбасыларды қолдау, короновирус салдарынан табысын жоғалтқандарға 42 500 тг төленіп, жұмысқа орналасуға және бизнес ашуға көмек көрсетілді. 

Ауданда тұратын 2867 көп балалы аналардың 493-і «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төс белгісімен марапатталды, 2374 ананың – 4 немесе оданда көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар.  2569 отбасы тіркелген «Бақытты отбасы» орталығы жұмыстарын жалғастыруда,Оқу орталығының курсында 1574 адам оқыды.Тамыз айында Оқу орталығының ғимаратына  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жабдықтар қойылып, техникалық құралдар көбейтілді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында көп балалы,тұрмысы аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін жөндеу жұмыстары жүргізілген, «Isker ana» дүкенін ашу үшін қажетті жабдықтары бар ғимарат ұсынылған. Аталған дүкенде көп балалы аналардың қол өнер жұмыстарын сату ұсынылған.

2020 жылдың басында «Бизнес Бастау» курсында 134 адам оқып және 200 ЕАК (есептік айлық көрсеткіш) грантын алды. Көп балалы аналардан инновациялық жобаға (2-ден 5 млн.тг дейін) –13 адам.  2019-2020 жылдар аралығында грант алған көп балалы отбасылар өз бизнестерін ашты:  тігін цехын,сұлулық салонын,  жеміс –жидек сататын дүкен және басқа да.  

Тұрмысы аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан түлектерді қолдау үшін аудандық АООО (арнайы орта оқу орыны) басшыларымен 8 білім гранты бөлінді.

2020 жылы ауданның 5525 тұрғынын жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікке тартуға көмек көрсетілді (әлеуметтік жұмыс орынына– 124 адам, қоғамдық жұмысқа– 1676 адам, жастар практикасына– 158 адам, ТЖО (тұрақты жұмыс орыны) жұмысқа орналастыру- 2525 адам,  инфрақұрылымдық (ДКЗ) жобаға- 751 адам,қысқа мерзімдегі кәсіптік оқыту -  104 адам, мемлекеттік жоба және үкіметтік бағдарламалар бойынша – 46 адам,  гранттар беру (200 ТЖО) – 143 адам).

Зейнеткерлерге және соғыс ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ауданда 29 476 зейнеткер тұрады (ҰОС қатысқандар-18 (оның ішінде ҰОС мүгедегі– 1), тыл еңбеккері–  1547, ҰОСҚ және ҰОСМ теңелгендер- 165, бұрынғы Ленинград қоршауында болған тұрғындар - 5, бұрынғы концлагер тұтқынындағы кәмелеттік жасқа толмағандар  – 3, ҰОСҚ қайтыс болғандардың жесірлері – 72.

2020 жылы 1292 зейнеткерге – 46,1 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.  

290 жалғыз басты азамат (оның ішінде 53 мүгедек) аудан әкімі аппаратының үйден көмек көрсетудегі 3 әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызметінің есебінде тұрады.  

2020 жылдың басынан жалпы сомасы 355,2 млн. теңгеде 5342 адамға әлеуметтік көмек төлем жасалды.   

2020 жылы азаматтардың тұрақты жазбалары, әлеуметтік желі, Опен Алматы, әкімдіктің колл –орталығы, әкімдіктің инстаграмы арқылы хабарласып, азық-түлік себетін мұқтаж еткен жандардың 5 798 мекен-жайы бойынша азық-түлік жеткізу жұмыстары атқаралды, олардың ішінде шағын және орта бизнесті қолдауда - 4 074 мекен-жай, сондай-ақ 442 көп балалы және тұрмысы аз қамтылған отбасына киім-кешектер таратылды.        

Ағымдағы жылы 7-мамырында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері үйде отырған 258 ардагерді құттықтап ( оның ішінде: 20 соғысқа қатысқандар, 5 Ленинград тұтқынында болғандар, 3 бұрынғы кәмелеттік жасқа толмай концлагерінің тұтқынында болғандар, еңбек майданының қатысушылары) мерекелік азық-түлік жиынтығын тапсырды.   

Мәдениет

2020 жылдың шілде айында ауданда жастарды жан-жақты қолдау, құқықтық және психологиялық көмек көрсететін, жұмысқа орналасу мәселесі және волонтерлік қызметімен  айналысатын Жастар ресурстық орталығы ашылды. Бұл орталықта әлеуметтік-осал жағына, сонымен қатар студенттік және спорттық жастарға ерекше көңіл бөлінеді.   

2020 жылы кітапханаларды модернизациялау бағдарламасы бойынша № 1, 15, 26, 30 кітапханаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы спортты дамыту

Ауданда 9 ірі спорт нысаны орналасқан. «Алматы-2020» даму бағдарламасын және «Алматы-2050» Стратегиясын іске асыруға сәйкес ауданда балабақшадан бастап салауатты өмір салты мәдениеті қалыптасуда.

«Шексіз қала» бағдарламасы аясында балаларды, жастарды спорттық секцияларына қол жетімділігімен қамтамасыз ету және тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту үшін «Жас Қанат», «Жұлдыз» ы/а денешынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы басталды.Сонымен қатар, ауданда 2000 астам баланың қатысумен футбол, баскетбол, волейбол және «Жекпе – жек» тегін секциялары ашылып,  жаттығу жұмыстары жүргізілуде.  

Қылмысты және құқық бұзушылықты алдын алу

2020 жылы қылмыстың барлық түрлері бойынша 2019 жылмен салыстырғанда қылмыстың барлық санатындағы ашылуы 11%-да жақсарды.

2020 жылы 2465 құқық бұзушылық жасалды, 2019 жылдың (4351 құқық бұзушылық) талдау кезеңіне қарағанда 1886 құқық бұзушылық азайған. 

Қабылданған шаралар қылмыстың ауыр түрлерін төмендетуге өз септігін тигізді, бұл ретте құқық бұзушылық бойынша қылмысты ашу 53,2%-ды (2019ж 42,1%) құрады.

2019-2020 жылдар аралығындағы бөтеннің мүлкін тонауға қарсы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында аудандағы қоғамдық орындарда,тұрғын үйлерге бейне бақылау орнату жүйесі дамуда.

Түрксіб ауданында 1185 көп қабатты тұрғын үйлерде 4633 бейне бақылау камералары орнатылды.

Бейне бақылау камераларының көмегімен 461 қылмыс ашылып, 125 құқықбұзушылық анықталыды.  

Санитарлық норманы сақтау бойынша рейдттік іс-шаралар

Түрксіб ауданында санитарлық талаптарды сақтау және  карантиндік режимін шектеу шараларын бақылау үшін әкімдіктің, ЖПП, Атамекен, Nur Otan қызметкерлерінен 4 мобилді  топ құралған. 

2020 жылы санитарлық талапты және шектеу шараларын өрескел бұзғаны үшін 27 заңды және 46 жеке тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды. 

Бұдан басқа заңды екінші рет  бұзған 1 нысан бойынша соттың шешімімен жұмысы тоқтатылды, 2 нысанның материалы соттың қарауында.Мониторингтік топтардың жұмысы күнделікті жүргізіледі.  

Дата публикации
28 января 2021