2026 жылғы аудан әкімінің есептік кездесулері туралы ақпарат

 Бекітілген желілік кестеге сәйкес, 2026 жылдың жартыжылдығында аудан әкімі Түрксіб ауданы тұрғындарымен 2 есептік кездесу өткізді.

2026 жылғы 20 ақпанда Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде аудан әкімінің тұрғындармен бірінші кездесуі өтті. Кездесуге 175 адам қатысты, олардың 18-і сөз сөйледі. Тұрғындар тарапынан 50 мәселе көтерілді, оның ішінде 39 мәселе (78%) шешімін тапты, 11 мәселе (22%) бойынша түсіндірме берілді.

2026 жылғы 5 мамырда Сүйінбай даңғылы, 505 мекенжайында орналасқан №32 жалпы білім беретін мектепте аудан әкімінің тұрғындармен екінші кездесуі өтті. Кездесуге 200 адам қатысып, 10 тұрғын сөз сөйледі. Кездесу барысында 39 мәселе көтерілді, оның ішінде 30 мәселе (77%) шешімін тапты, 4 мәселе (11%) бойынша түсіндірме берілді, 5 мәселе (12%) орындалу сатысында.

Тұрғындармен өткен кездесулерде ең көп көтерілген мәселелер коммуналдық шаруашылық пен абаттандыру саласына қатысты болып, олардың үлесі жалпы көтерілген мәселелердің 34%-ын құрады.

28%-ын қоғамдық көлік, сауда нысандары, қаңғыбас жануарларды аулау және жол белгілерін орнату мәселелері құрады.

Жалпы мәселелердің 24%-ы жолдар мен тротуарларды жөндеуге қатысты болса, 14%-ы әлеуметтік сипаттағы мәселелер болды.

Өткізілген барлық кездесулердің қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Кездесулер барысында берілген тапсырмалардың орындалуы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.

Кездесулерге қала басқармаларының, қоғамдық ұйымдардың, ауданның коммуналдық қызметтерінің және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

  

Дата публикации
23 июля 2026