Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2026 жылғы 15 маусым мен 15 шілде аралығында «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімі, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» КММ-де персоналды басқару және мүдделер қақтығысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талдау жасалатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2025 жылғы 15 маусымға дейін дейін ақпаратты gos.pravo@bk.ru электрондық поштасына немесе WhatsApp: +7 727 223 11 17 арқылы жолдауыңызды сұраймыз:
Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылады. Ақпараттың құпиялығы мен анонимділігіне кепілдік беріледі.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.