|
Наименование государственной услуги: |
"Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу" |
|
Место предоставления услуги |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтінішін қабылдау және нәтижелерін беру: "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
|
Получатели услуги |
Заңды тұлғалар |
|
Сроки оказания услуги |
Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік беру-10 (он) жұмыс күні; спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу-5 (бес) жұмыс күні; спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру -5 (бес) жұмыс күн. |
|
Необходимые документы |
Спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет; құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт федерациясының жарғысы; құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасының жобасы; құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы. Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы. Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы. |
|
Стоимость услуги |
Заңды тұлғаларға тегін |
|
Результат государственной услуги |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда - мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабарлама. |
|
Порядок обжалования |
Қызмет алушының уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау мәселелері бойынша жолданған шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Егер мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын, жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру бойынша, қызмет алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінеді. |