Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасында Мамай Қаниұлы Ахетовпен өткен кеңес

Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасында Мамай Қаниұлы Ахетовпен   өткен кеңес

Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша, Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі – Мамай Қаниұлы Ахетов  Алматы қаласы Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы қызметшілерімен Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелері бойынша сұхбат жүргізді.Сұхбат барысында, қазіргі таңда жиі мәселелердің бірі болып келе жатқан сыбайлас жемқорлық, оның салдары, жемқорлыққа жол бермеу және тәуекелдерін жою жолдарын да түсіндіріп өтті. Кеңесте мемлекеттік қызметшілердің әдепті сақтауға, байыппен сөйлеуге де аса мән берілуін айта кетті. 

Қорыта келе, әдеп кодексін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша бақылау күшейтілгенін, әрбір мемлекеттік қызметші моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды күшейтуі тиіс екендігін ескере кетті.