Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Десанттық-шабуылдау әскерлеріне аттанатын жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Әскерге шақырылған азаматтарға ақ жол тілеп, туыстары, ардагерлер мен әскери қызметшілер ізгі лебіздерін білдірді.
Биылғы көктемгі шақырылым аясында Алматы қаласынан 2 мыңнан астам азамат Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарын толықтырады.
Отанға адал қызмет ету – әр азаматтың абыройлы борышы.