
Білімі: 2001 ж. бакалавр, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті
2001 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен бастаған.
Алматы қаласының Түрксіб, Жетісу және Наурызбай аудандары әкімдерінің аппараттарында түрлі жауапты қызметтер атқарып, абаттандыру мен коммуналдық шаруашылық салаларында жұмыс істеген.
2019 жылғы 10 қаңтардан 2025 жылғы 27 наурызға дейін Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және инфрақұрылымдық даму мәселелеріне жетекшілік еткен.
2025 жылғы 28 наурыздан бастап Алматы қаласы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары.