Жексенбек Мұхтаржан Жүнісбекұлы
Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы мүшесі
Общая информация, образование
Жексенбек Мұхтаржан Жүнісбекұлы 1981 жылғы 22 тамызда Жамбыл облысында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және құқықтық білімі бар. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Орталық-Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар Astana School of Management and Business (SBS Swiss Business School) оқу орнында іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.
Карьера
Жалпы еңбек өтілі 21 жылдан асады, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 8 жылдан асады. Қаржылық бақылау, ішкі аудит және мемлекеттік аудит салаларында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде бастаған.
- 2002–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінде, сондай-ақ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінде жетекші маман – жетекші бақылаушы-тексеруші, бас маман – бас бақылаушы-тексеруші лауазымдарында қызмет атқарды.
- 2007–2009 жылдары «KEGOK» АҚ Ревизиялық басқармасының бас маманы, Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы және аға аудиторы болды.
- 2009–2019 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінде аға аудитор және еншілес тәуелді қоғамдар қызметіне аудит жүргізу жөніндегі топтың басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.
- 2019–2021 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметінде бас маман – мемлекеттік аудитор ассистенті және бас инспектор – мемлекеттік аудитор қызметтерін атқарды.
- 2021–2024 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болды.
- 2024–2025 жылдары «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ-ның ішкі аудиторы қызметін атқарды.
Мәслихаттың шешімі бойынша 2026 жылғы 15 мамырдан бастап Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.