Шалкенов Жұмахан Қалмұханұлы 1971 жылғы 18 маусымда Торғай облысында дүниеге келген. Іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) дәрежесі, іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі, жоғары экономикалық және заңгерлік білімі бар. Қазақ аграрлық университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқық» мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес академиясын іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Алматы Менеджмент Университетінде Іскерлік әкімшілендіру докторы дәрежесін алған.
Жалпы еңбек өтілі 34 жылды, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі
24 жылды құрайды. Бухгалтерлік есеп, қаржылық бақылау, мемлекеттік аудит, денсаулық сақтау, саяси және мемлекеттік басқару салаларында қызмет атқарған.
Еңбек жолын 1989 жылы «Шилинский» совхозында бухгалтер болып бастаған.
- 1990–1995 жылдары – ауыл шаруашылығының түрлі салаларында бухгалтер, бас бухгалтер лауазымдарында қызмет атқарған.
- 1995–1996 жылдары – Арқалық қаласындағы «Арна-радиодетали» зауытының бас бухгалтері.
- 1996–1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және қазынашылық жүйесінде бақылаушы-ревизор, аға бақылаушы-ревизор және аға қазынашы лауазымдарында қызмет атқарған.
- 1999–2002 жылдары – Ақмола облыстық телекоммуникациялар дирекциясының мемлекеттік кәсіпорындармен жұмыс жөніндегі жетекші маманы.
- 2002–2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің бас маманы, бас сарапшысы лауазымдарынла қызмет атқарған.
- 2009–2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі бақылау басқармасының бастығы, Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
- 2014–2015 жылдары – «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
- 2015–2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті және Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жүйесінде бас маман – бас бақылаушы-ревизор, инспекция басшысының орынбасары, сәйкестік аудиті басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
- 2020–2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.
- 2021 жылы – «JQ AUDIT» ЖШС директоры.
- 2021–2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
- 2022–2024 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Медициналық орталығы» ММ басшысының орынбасары.
- 2024–2025 жылдары – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту департаментінің директоры.
- 2025–2026 жылдары – «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары.
2026 жылғы сәуірден бастап Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.