Исембаев Мұхтар Бейбітұлы
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы
Общая информация, образование
Исембаев Мұхтар Бейбітұлы 1989 жылғы 17 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Жоғары экономикалық және құқықтық білімі бар. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ экономикалық колледжін «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Карьера
Жалпы еңбек өтілі 13 жылдан асады, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 8 жылдан асады. Мемлекеттік басқару, қаржы және мемлекеттік аудит салаларында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Еңбек жолын 2007 жылы «Акцепт-Терминал» АҚ-да менеджер болып бастаған.
- 2012–2013 жылдары – «IFS COLOS» ЖШС-де кедендік декларациялау бойынша маман, үйлестіруші.
- 2014–2016 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметінде бас маман лауазымында қызмет атқарды.
- 2015–2018 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының Экономикалық талдау бөлімінде бас маман лауазымында қызмет атқарды.
- 2018–2019 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының Жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің бас инспекторы болды.
- 2019–2023 жылдары "Jusan Bank" АҚ Әкімшілік департаменті бөлімшелердің қызметін қамтамасыз ету басқармасының бастығы.
- 2023 жылы Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, инспекторлық бақылау және жобалық кеңсе бөлімінің бас инспекторы лауазымдарында қызмет атқарды.
- 2023–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы аппаратында бас сарапшы – мемлекеттік аудитордың ассистенті лауазымдарында қызмет атқарды.
2026 жылғы маусым айынан бастап Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы болып тағайындалды.