
Наурызбай ауданында тоғызқұмалақтан турнир өтті
«Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығы» және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы» аясында желтоқсаншылар арасында ұлттық спорт түрі - тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеу, зияткерлік спортты дамыту және тарихи оқиғаларға қатысушыларға құрмет көрсету.
Наурызбай ауданында тұрғындардың демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жаңа заманауи нысан салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Тастыбұлақ өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастамалар ауданның қоғамдық кеңістіктерін жақсартып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
«Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды
Наурызбай ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы 11 тұрғын үйдің ауласында абаттандыру жұмыстары толық аяқталды.
Жоба аясында асфальт пен жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылып, балалар және спорт алаңдары ретке келтірілді. Сондай-ақ көше тренажёрлары мен шағын сәулет нысандары орнатылып, аумақ көгалдандырылды.
🌿 Жұмыс нәтижелері:
* 2 490 бұта және 39 гүл отырғызылды;
* 2 250 м² асфальт жаңартылды;
* 2 123 м² тартан жабыны төселді;
* 930 метр суару желісі жүргізілді;
* 24 көше тренажёры мен 25 шағын сәулет нысаны орнатылды.
БАҚ өкілдерімен өткен брифингке қатысып, «Наурызбай ауданының даму қарқыны: 9 айдың қорытындысы» тақырыбында ауданның негізгі даму бағыттары мен атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен бөлістік.
Брифинг барысында әлеуметтік саланың дамуы, жаңа емханалар мен жаңа балабақшалардың ашылуы, инженерлік желілердің дамуы, аулалардың жаңаруы, көшелерді жөндеу мен абаттандыру жұмыстары туралы айтылды.
Сонымен қатар, тұрғындар үшін маңызды инфрақұрылымдық жобаларға, соның ішінде метро станциясының жақын арада ашылуына, жаңа саябақтың тұрғындар игілігіне берілуіне және ауданның жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына тоқталдық.
Наурызбай ауданында тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру, инфрақұрылымды жаңғырту және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Наурызбай ауданында азаматтарды кезекті қабылдау өтті.
Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері тыңдалып, көтерілген мәселелер қаралды. Әрбір өтініш бойынша тиісті жұмыстар жүргізу және мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Қабылдауға «Е-өтініш» платформасы арқылы немесе 393-92-44 нөміріне хабарласу арқылы жазылуға болады.
2026 жылдың 9 айында аудан әкімі аппаратына 9 650 өтініш келіп түсті. Тұрғындарды толғандыратын негізгі мәселелер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және жол инфрақұрылымына қатысты.
Сонымен қатар, Open Almaty, «109» және eOtinish платформалары арқылы келіп түсетін өтініштер тұрақты бақылауда.
Аудан әкімдігінде тұрғындарға кеңес беру және жауапты мамандармен тікелей байланыс орнату мақсатында Азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істейді.
Наурызбай ауданында үздік мұғалімдер марапатталды
Наурызбай ауданында Ұстаздар күніне орай білім саласының үздік өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі Назира Асылбекқызы білім беру саласына елеулі үлес қосып, шәкірт тәрбиесінде жоғары нәтижелер көрсеткен үздік мұғалімдерге марапаттарын табыстады.
Кезекті ауданды аралау барысында тазалық және абаттандыру жұмыстарына мән бердік.
Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мердігерлерге тиісті шаралар қабылданып, әкімшілік айыппұлдар салынды.
Аудан аумағының тазалығы мен тәртібін қамтамасыз ету бойынша бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.
Қауіп төнсе – үнсіз қалмаңыз!
ҚАУІПСІЗДІК КОДЫ: 102–111–150
2026 жылғы 23–25 қыркүйек аралығында елімізде «Қауіпсіздік коды: 102–111–150» республикалық профилактикалық акциясы өтуде.
Акция аясында Алматы қаласы Наурызбай ауданының Полиция басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында кешенді профилактикалық және ақпараттық іс-шаралар жүргізуде.
Акцияның басты мақсаты – азаматтарға қиын немесе қауіпті жағдайға тап болған кезде қайда және қалай көмек алуға болатынын түсіндіру. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған адам жалғыз қалмауы керек. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерге дер кезінде жүгіну – өз қауіпсіздігіңізді және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды қадамы.
Есте сақтаңыз:
102 – ПОЛИЦИЯ.
Құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық немесе азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда полицияға жедел хабарласыңыз.
111 – ҰЛТТЫҚ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ.
Балалар, отбасы мәселелері және қиын жағдайларға байланысты көмек пен кеңес алу үшін.
150 – СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек пен қолдау алу үшін.
Зорлық-зомбылық – отбасының ішкі мәселесі ғана емес, ол заңмен қорғалатын адамның құқықтары мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе.
Сондықтан зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз немесе өзіңіз қауіпке тап болсаңыз, бейжай қалмаңыз. Көмек сұраудан қорықпаңыз және қажетті жағдайда 102, 111 немесе 150 нөмірлеріне хабарласыңыз.
Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік.
Үндемеу емес, дер кезінде көмек сұрау – қауіпсіздіктің алғашқы қадамы!
Кезекті тұрғындарды жеке қабылдау өткізіліп, азаматтардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды.
Көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Қабылдауға алдын ала жазылу үшін: 393-92-44 хабарласа аласыздар.
Сондай-ақ, өтініштерді «e-Otinish» жүйесі арқылы жолдауға болады.