Лого

Меню

Страницы

Статья

🤝 Ашықтық пен адалдық - халық сенімінің негізі

Ашықтық пен адалдық – халық сенімінің негізі

Бүгінгі таңда мемлекеттік басқарудың тиімділігі қабылданған шешімдердің санымен емес, оның халық өміріне тигізген нақты әсерімен бағаланады. Ал мұндай нәтижеге қол жеткізудің басты шарттары -  заңдылық, ашықтық, адалдық және жауапкершілік.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында «Әділетті Қазақстанды» қалыптастырудың негізгі тірегі ретінде заң мен тәртіпті, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен халық алдындағы жауапкершілігін атап келеді. Бұл талаптар мемлекеттік қызметшілер үшін күнделікті жұмыстың нақты қағидатына айналуы тиіс.

Наурызбай ауданында да осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Тұрғындармен ашық диалог орнату, азаматтардың өтініштерін объективті қарау, көтерілген мәселелердің шешілуін бақылау  - әкімдік жұмысының маңызды бөлігі. Себебі әрбір өтініштің артында нақты адамның мәселесі мен үміті тұр.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу да осы сенімнің маңызды құрамдас бөлігі. Оның тиімді жолы - құқық бұзушылық орын алғаннан кейін ғана әрекет ету емес, ең алдымен оның туындауына себеп болатын тәуекелдерді азайту. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысына жол бермеу - осы бағыттағы негізгі міндеттер.

Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, адами фактордан туындайтын тәуекелдерді де төмендетеді. Ал бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану – халық алдындағы тікелей жауапкершілік. Сондықтан жүзеге асырылып жатқан жобалардың сапасы мен нәтижелілігі тұрақты бақылауда болуы қажет.

Бұл ретте «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» бастамаларының мәні ерекше. Олар қоғамда тазалық пен тәртіпті ғана емес, жауапкершілік, заңға құрмет және ортақ іске жанашырлық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бір ғана мемлекеттік органның жұмысы арқылы қалыптаспайды. Ол мемлекеттік қызметші мен азаматтың өзара жауапкершілігі, заңға құрметі және адал ұстанымы арқылы орнығады. Парасаттылықты күнделікті өмірдің қалыпты қағидасына айналдыру - баршамызға ортақ міндет.

Меніңше, халықтың мемлекетке деген сенімі ең алдымен қарапайым қағидаттардан басталады: заң баршаға ортақ болуы, мемлекеттік қызмет халыққа қызмет етуі, ал әрбір шешім ашық әрі әділ қабылдануы тиіс.

Осы ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, Наурызбай ауданында ашықтықты арттыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар жалғаса береді. Өйткені адалдық пен ашықтық - тиімді басқарудың ғана емес, халық сенімінің де берік негізі.

 

Наурызбай ауданының әкімі Назира Асылбекқызы Тоғызбаева

 

Дата публикации
31 августа 2026
Дата обновления
31 августа 2026
Тип

Сейчас читают

31 августа 2026
🤝 Ашықтық пен адалдық - халық сенімінің негізі
03 июля 2026
«ҚҰРЫЛТАЙ-2026»
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы